19 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Израильдегі Полша елшілігіне свастика белгісін салып кетті
Тель-Авивтегі Польша елшілігінің кіре берісіне белгісіз біреулер свастика суретін салып, дөрекі сөз жазып кеткен, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.
Бұл оқиға сенбі күні Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийдің Мюнхенде сөйлеген сөзінен соң басталды. Премьер-министр Холокостқа еврей ұлтының бір бөлігі қатысты деген еді. Бұдан кейін жаппай наразылық орын алды. Қазір израиль полициясы Польша елшілігіне қатысты оқиғаны тергеуде.
Варшава Израиль билігіне хабарласып, оқиғаның ашылуын және поляк дипломатиялық мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылдансын деп сұрады.
АҚШ барлаушылары Қытай мен Ресейдің жер серіктеріне қарсы қару жасап жатқанын мәлімдеді
Мәскеу мен Пекин американың коммерциялық, азаматтық және әскери жер серіктерін істен шығаратын қару дайындап жатыр-мыс. Бұл туралы АҚШ Ұлттық барлау баяндамасында айтылды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Құжатта мұндай қарулардың бірнеше жылдан соң жетекші елдерде пайда болатыны айтылған. Мұнымен қоса, РФ мен ҚХР арнайы жер серіктеріне қарсы бөлімшелер құрған. АҚШ мұның барлығына сүйене отырып, ғарыштағы жағдайлардың ушыға түсетінінен сескеніп отыр.
АҚШ сарапшылары мен барлау ұйымдары Ресей мен Қытайдың мұндай қаруды болашақ қайшылықтар барысында американдықтарға қарсы қолданылатынын тұжырымдайды. Сондықтан Вашингтон өз жер серіктерінің қауіпсіздік деңгейін жоғарылатпақ.
Ғалымдар ақыл кемістігінің жұғатынын анықтады
Қартайған шақтағы ақыл кемістігі хирургиялық құралдармен тарайды. Мұндай тұжырымды Лондонның университеттік колледжіндегі ғалымдар шығарды. Олар бұл тезисті дәлелдейтін деректерді анықтап, Science Alert басылымына жариялаған, деп хабарлайды МИР 24.
Бас миына ота жасалған сегіз адамның ми қаң айналымынан церебралды амилоидты ангиоапатия тіркелген. Бұл кемшіліктің нәтижесінен ми сауыты зақымдалып, амилоидтар (Альцгеймер ауруын үдететін ақуыз) жинақталады.
Зерттеушілердің пікірінше, хирургиялық құралдарды тазалаудың жаңа тәсілі миға ота жасау барысында патологиялық ақуыздардың таралуына жол бермеуі керек. Алайда, мұндай тәсілді әлі ойлап табу керек. Мұнымен қоса, амилоидтар залалсыздандырудың қарапайым тәсіліне төзімді келеді. Яғни, қайнатса да, кептірсе де және формальдегидке де жойылмайды.
Гольермо дель Торо "Үздік режиссерлік жұмыс" марапатына ие болды
Мексикалық режиссер Гильермо дель Торо Британ кино және теледидар өнері академиясының (БАФТА) "Үздік режиссерлік жұмыс" номинациясына ие болды. Бұл туралы жексенбі күні Ұлыбританияның 71-ші бас киномарапатын беру рәсімінде белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС.
53 жастағы мексикандық қымбат марапатқа "Су формасы" фантастикалық триллерінің арқасында ие болды. Ол 12 түрлі санатқа номинация алып, олардың үшеуін жеңіп шықты. Жоғарыда аталған марапатпен бірге ол "Үздік фильм музыкасы" және "Үздік суретші-қоюшы" номинациясын алды.
Шығармашылығында фантастикалық сюжет көп орын алатын дель Торо сахнаға шыққан кезде ағылшын жазушысы Шелли Мэридің "Франкенштейн, немесе Қазіргі заманғы Прометей" кітабынан алған әсері туралы баяндады.
- Британ ұрпағының ең маңызды өкілі – Шелли Мэри есімді жасөспірім, - деді режиссер. - Ол менің жанұямның бір мүшесіндей, маңызға ие адамның біріндей қалды. Қол қусырып, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізгім келмегенде, мен сол жасөспірімді есіме аламын.
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Посольство Польши в Израиле Противоспутниковое оружие Заразность слабоумия Режиссер Гильермо дель Торо