Флорида губернаторы ФТБ басшысынан қызметтен кетуін талап етті
Бұған Флорида штатындағы мектептердің бірінде болған қанды атыс оқиғасы себеп болған. Ал полиция атыстың алдын ала алмаған
Флорида штатының басшысы Рик Скотт Федералды Тергеу бюросының мектепте атыс ұйымдастыруы мүмкін адам жайлы хабарламаны ала тұра, ешқандай алдын алу әрекетін жасамады деп айтыптады.
- ФТБ-сының қанішерді тоқтатпағаны дұрыс емес. Мекеме осыдан бір ай бұрын Николаз Круз жайлы мәлімет білетін азаматтың хабарласып, одан келетін қауіп жайлы ескеркенін мойындап отыр. Он жеті адам қайтыс болды, қателікті мойындағаннан пайда жоқ, - деп мәлімдеді губернатор.