Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

15 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Оңтүстік Африка Республикасының президенті қызметінен кетеді

 

Джейкоб Зума мемлекет басшысы қызметінен кетпек. Оның міндетін вице-президент Сирил Рамафоса атқаратын болды. Ол жуық арада ант қабылдайды, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Еліне жолдау айтқан президент қызметінен кету сұрағын парламент шешетінін айтқан болатын. Бірақ кейін "жедел" кететіні туралы мәлімдеді.

- Сенімсіздік вотумы мен импичменттен де қорықпаймын, - деді ол.
Бірақ өзінің 30 минуттық сөзінің соңында Зума жұмысын бірден тоқтататынын айтты.

Аталғандай, Африкалық ұлттық конгресс партиясы Зумаға қызметінен кету үшін 48 сағат берді. Президенттен жауап алмаған партия Зумаға сенімсіздік вотумын жариялауға дауыс беріп, оның ізбасары ретінде Рамафосты ұсынатындарын уәде етті.

 

АҚШ-тағы ресейлік хакер 12 жылға сотталды

 

2015 жылы АҚШ тарихындағы ірі хакерлік шабуылды ұйымдастыруға қатысы барын мойындаған РФ азаматы Владимир Дринкин 12 жылға түрмеге жабылады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Үкім сәрсенбі күні Камден қаласының (Нью-Джерси) штатында жарияланды. Сот Джером Смэндл мәлімдегендей, ресейлік "144 айға түрмеге қамалады".

Дринкман келтірген шығын 312 млн долларға бағаланып отыр. Ресейлік төлеуге тиісті өтемақы көлемі 13 сәуір күні белгілі болады.

Дринкман мен оның сыбайластары 2012 жылы Нидерланд елінде американдық тараптың сұранысымен қамауға алынып, кейін АҚШ-қа жіберілді. Бұл іс бойынша американдық билік төрт ресейлік пен укратндыққа сырттай айып таққан болатын. Дринкман бұл істе бас күдікті деп қаралды.

 

Трамп ойластырған әскери шеру 30 миллион долларға бағаланды

life.ru хабарлағандай, салтанатты шара Құрама Штаттарда 11 қараша күні аталып өтетін Ардагерлер күнінде өтуі мүмкін.

Ақ үйдің әкімшілік-бюджеттік басқармасының басшысы Мик Мулвани Трамп өткізгісі келген шеру 30 миллион долларды талап ететінін айтты.

Оның айтуынша, шара құны оның қанша уақытқа дейін созылатынына байланысты болады. Болжам бойынша ол 10-нан 30 миллион долларға дейін жетеді.

Айта кету керек, салтанатты бақылаудың құнын АҚШ бюджеті 2019 жылға қараған. Егер Ақ үй Трамптың бастамасын көтеретін болса АҚШ Конгрессімен қаржылық сұрақтарды талқылауға тура келеді.

 

Қытайда ұры досына абайсыз кірпіш лақтырып жіберді


Тонаудың бұл ерекше түрін Шанхай полициясы Weibo әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жариялады. Бейнеде екі қаскүнем мекемеге терезені шағып кірмек болып, сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды МИР 24 арнасы.

Қылмыскерлер витринаға тас алып келіп, шыныға лақтырады. Бірақ ол сынбай қалған соң, бірінші қаскүнем тас ұшып кеткен жаққа қозғала бастайды. Бұл сәтте екінші ұры терезеге өз тасын лақтырып, әріптесінің басына тигізеді.

Бірер минуттан соң талып қалған сыбайласын алып кетті. Қылмыскерлердің ұсталғаны туралы хабарланбады. Олардың түрлері бейнеден де көрінбейді.

- Егер ұрылардың барлығы осындай болса, көзделген уақыттан артық жұмыс істемес едік, - дейді пікір білдірген полиция.

Әлеуметтік желі қолданушылар мұндай жағдайда ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысы артатынын айтты.


Следующая →