АҚШ-қа қоныс аударам деушілерге таңдау жасалады
АҚШ президенті Дональд Трамп босқындар мен америкалық визаны іздеушілерді сұрыптайтын ұлттық орталық құру туралы меморандумға қол қойды
Жаңа құжат бойынша, орталық, америкалық мекемелерге елге кірем деген ниет білдіргендер туралы ақпаратты алмасу сапасын жоғарылатады. Бұл орталық 2018 жылдың бірінші жартысында құрылады. Оны ішкі қауіпсіздік министрлігі, әділет министрлігі, Мемлекеттік департамент және АҚШ барлау мекемесі ұйымдастырады.
Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін тұлғалардың АҚШ-қа кіруіне жол бермеу. Орталық ішкі қауіпсіздік министрлігінің базасында ашылады деп жоспарлануда.