Пхенчхандегі олимпиада ауылына Қазақстанның туы ілінді
Қазақстанның спорттық делегациясы Оңтүстік Кореяға ресми түрде келіп орналасты
Шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Қазақстан ҰОК, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 46 спортшы қатысады. Олимпиада ауылына Қазақстан атынан қатысатын спортшылардың келіп орналасқан, тек фристайл-акробат пен мәнерлеп сырғанаушылар ғана барған жоқ.
Ал ертеңнен бастап Қазақстанның кейбір спортшылары жарыс бастамақ. Мәселен, Сергей Ткаченко трамплиннен шаңғымен секіру сайысына қатыспақ.