Израильден 20 мың Африка азаматы депортацияланады
Израильден өз еркімен кетуге келіскен «келімсектерге» ұшақ билеті тегін беріліп, ақшалай көмек көрсетіледі
Израиль үкіметі Судан мен Эритреядан келген 20 мың босқынды еліне қайтаруды ойлап отыр. Ал бұл азаматтар екі айдың ішінде елден кетуге бел буса, оған жеңілдік жасалады. Атап айтқанда, ұшаққа билет сатып алып беріп, 2900 еуро көлемінде қаржы бермек әрі құжаттарын жасауға көмектеспек.
Ал 60 күннің ішінде елді босатпаған азаматтар күштеп депортацияланады.
Сонымен қатар, Израиль үкіметі наурыз айының соңына дейін Негев шөліндегі босқындарды қабылдауға арналған Холот лагерін де жабуды ойлап отыр.