30 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Нұрсұлтан Назарбаев екінші рет президенттікке сайланған Милош Земанды құттықтады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасының президенттігіне қайта сайланған Милош Заменге құттықтау жеделхатын жіберді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
- Сіздің беталысыңызға негізделген елдің даму бағытына халқыңыздың сенетіні тағы бір мәрте дәлелденді, - делінген жеделхатта.
Н. Назарбаев биыл Қазақстан мен Чехияның дипломатиялық қатынас орнатқанына 25 жыл толғанын айтып өтті.
- Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық жалғасын табады деп сенемін. Сізге денсаулық және жауапты қызметтегі сәттілікті, ал Чехияның тату халқына – бейбітшілік пен өркендеу тілеймін, - делінген жеделхатта.
Африндегі әскери әрекеттер 400 мың сириялықтардың үйін тастауына себеп болды
Халықаралық бейбітшілік, қайырымдылық пен көмек ұйымының өкілі Ребер Вахид 120 мың адамның Алеппо мен Манбиджге, тағы 10 мың адамның Небель пен аз-Захраа жерлеріне ауғанын жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.
Естеріңізге саламыз, елдің бұл төңірегіндегі қарулы қақтығыс Анкара мен сириялық күрдтердің соғысы себеп болған.
Түркия билігі 20 қаңтар күні «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясының басталатынын жариялады. Ол «Халықтың қорғаныс күші» мен «Демократиялық одақ» партиясына қарсы бағытталған. Басты мақсаты – түрік шекарасынан 30 шақырым жерден «қауіпсіздік аймағын» құру.
АҚШ босқындарды қабылдайтын болды
АҚШ билігі он бір елден келетін босқындарға бекітілген шектеуді алып, бірақ оларды тексеру жұмыстарын қаталдандырды. Бұл туралы американдық Ішкі қауіпсіздік министрі Кристьен Нильсен мәлімдеді, деп хабарлайды РГ.
Оның айтуынша, билік «қауіпті елдерден келетіндерге қатысты қауіпсіздіктің жаңа шаралары қолданады. Бұл терроршылар, қылмыскерлер мен алаяқтардың жаңа бағдарламаларды пайдаланып кетпеуін мақсат етеді».
- Бұл өзгерістер тек елімізді қорғап қана қоймай, қуғынға түскен нағыз босқындарға көмектеседі, - дейді ІҚМ өкілі.
Енді АҚШ-қа келгісі келген белгілі бір мемлекет азаматтары қосымша тексеруден өтеді. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі де өзгереді: ол босқындардың қазіргі жағдайын есепке алып тұрады. «Қауіпті елдер» тізімі әр жеті ай сайын тексеріліп тұрады. Бұл елдер ресми түрде жарияланбаса да, кейбір БАҚ өкілдері Египет, Иран, Ирак, Йемен, Солтүстік Корея, Ливия, Мали, Сирия, Сомали, Судан және Оңтүстік Судан елдерін атайды.
Қазақстандықтарға Тайландта темекі шегу тыйым салынғаны ескертілді
Тайландта танымал жағажайларда темекі шегуге тыйым салынды. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынып, тіпті, түрмеге қамауы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық турфирма директоры Бахтияр Ысқақов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
- Темекі шегетін туристерге ескерту! 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап тай жағажайларының басым бөлігінде темекі шегуге тыйым салынады! Тәртіп бұзушылық анықталса 3000 доллар айыппұл немесе түрмеге қамау жүреді. Ерекше жағдайларда екі жаза бірге қолданылады, - деп жазады ол.
Ысқақов электронды темекілердің де заңнан тыс екенін айтып өтті.
- Мұны елге алып кіру және пайдалану үш жылға бас бостандығынан айырады, - дейді ол.
Айта кету керек, жағажайларда темекі шегуге тыйым салу туралы шешім туристерден соң көптеген темекі қалдықтары қалатыны анықталған соң шықты. Заң 2017 жылдың 1 қарашасында шықса да, оның 90 күннен кейін күшіне енетіні туралы айтылды.