Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +20°
$
441.79
-0.01
478.77
-1.25
¥
61.02
-0.04
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

26 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Қиямет күні: түн ортасына дейін 2 минут қалды

Ақырзаманның мүмкін уақытын есептейтін «Қиямет күні сағатының» тілі жарты минутқа алға жылжып, 23.58-ді көрсетіп тұр, деп хабарлады  Интерфакс. 

2017 жылы қауіптің көбі ядролық сферадан төнді АҚШ пен Солтүстік Кореяның сөздері мен әрекеттері ядролық соғыстың тууына әкелу қаупі бар.

- Корей жарты аралына қатысты қауіп жалғыз емес. АҚШ пен Ресейдің де ара қатысанасы мүшкіл, - деп жазылған бюллетеньде.

Сонымен қатар, ғалымдар АҚШ пен Қытай, Оңтүстік Қытай  теңізіндегі жағдай да бірқалыпты болмай тұрғанын айтады. 


Оңтүстік Корея ауруханасындағы адамдар өртеніп кетті

Мильян қаласындағы өрттің салдарынан 31 адам көз жұмды, деп хабарлайды Росбалт. 

Жергілікті билік хабарлағандай, өрт 7.35-те Оңтүстік Кореяның  Мильян қаласында орналасқан Сечжон ауруханасында шыққан.

Анықталғандай өрт бірінші қабатта қабаттағы жедел медицинлық көмек кешенінде басталып, екінші қабатқа дейін жеткен. Өрт сөндіру қызметіне тілсыз жауды ауыздықтауға екі сағаттай уақыт қажет болған.  

Әзірге тіркеуде тұрған тағы қырық адамның қайда кеткені беймәлім. Билік өкілдері қаза болғандар саны артуы мүмкіндігіне қауіптенеді.


Ресей  крипторубль жасамақ

РФ КП мемлекеттік думасының депутаты  Ризван Курбанов мемлекеттік думаның қарауына Азаматтық кодекске «крипторубль» түсінігін енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Құжат 25 қаңтар күні парламенттің төменгі палатасының ақпараттар базасына енгізілді.

 Жоба бойынша  крипторубльді Ресей аумағында төлем құралы ету көзделген.

-   Крипторубль - цифрлы қаржылық актив. Ол рубльдің баламасы. РФ аумағында қолданылатын бұл төлем құралы криптографикалық әдістермен қорғалып, цифрлы транзакциялар реестрінің қатысушылары қолданады, - дейді Курбанов.


73 жастағы Германияныңэкс-канцлері бесінші рет некелеспек

Бұрынғы карнцлер Герхард Шредер 48 жастағы Оңтүстік Кореяның азаматшасы  Ким Со Ёнмен шаңырақ көтермек

- Той күз мезіліне жоспарланған, - деп мәлімдейді агенттік. - Оның айтуынша, той болатын күн мен орын кейін белгілі болады.

Қалыңдық отбасын құру туралы екеудің ниетін  Yonhap агенттігіне берген сұхбатында растады.
Следующая →