Қытай билігі қаладағы кәсіпорындарды сыртқа көшірмек
Ең алдымен, Пекин қаласындағы кәсіпорындар жабылмақ. Мұнда мың жарым кәсіпорын сыртқа көшірілуі мүмкін
Шенеуніктер зауыттарды сыртқа көшіру арқылы қала халқын азайтуды әлі ластанған ауаны тазартуды ойлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен қатар, орталықта орналасқан қырық шақты базар да қаланың сыртына қарай көшірілмек.
Қазіргі уақытта Қытайдан ішкі провинцияларынан Пекин қаласына ағылушылардың саны көп. Қала басшылығы кәсіпорындарды көшіре отырып, көші-қонды тоқтатуды әрі қала халқын 23 млн.-ға дейін азайтуды көздеп отыр.
Тақырыптар:
Перенос вредного производства в Китае Экология в Пекине Демографическая ситуация в Китае