Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада дүниеге келген сәбилерге жиі қойылған есімдер анықталды

Ұлға Әлихан, қызға Айзере есімі көп қойылған екен

2017 жылы елордада туылған 405 сәбиге Айзере есімі беріліпті, деп хабарлайды Елорданың astana.gov.kz ресми сайты. 354 рет берілген Айлин есімі екінші орында. Үздік үштікті Әмина есімі түйіндейді. 353 ата-ана өз баласына осы есімді берген. Айару, Айша, Раяна, Аяла, Кәусар, Дария, Әдия, Інжу, Айым және Томирис есімдері де өткен жылы қыз балаларға қойылған есімдердің арасында алдыңғы қатарда тұр.

Ал ұлдар арасында жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Әмір және Әли есімдері кіреді. Елордада 12 ай ішінде бұл есімдер 328, 255 және 222 балаға берілді. Сондай-ақ, астаналық ата-аналар өздерінің ұл балалары үшін жиі таңдаған есімдердің арасында Айсұлтан, Санжар, Ерасыл, Арлан, Арсен, Нұрислам, Алан, Мансұр, Рамазан, Мирас және Әлинұр есімдері де кездеседі.

Балаларға елде болып жатқан оқиғаларға байланысты есім қою дәстүрі де өзгерген жоқ. Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданының АХАТ бөлімшесінде ұл балаға қойылған Бәдібэкспо есімі тіркелді.

«Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының АХАТ бөлімшелері берген мәліметтерге сәйкес, елордада 2017 жылы Астанада дүниеге 34 087 сәби келген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32 056 баланы құрады.

Следующая →