16 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Триполиде үкіметтік ұйымдар арасында қарулы қақтығыс өтуде
Ливияның ұлттық бірлігі үкіметі деп халықаралық қауымдастықпен мойындалған түрлі жасақтар арасындағы қақтығыста 20-ға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды Интерфакс.
Қаза тапқандардың арасында қатардардағы тұрғындар да бар. Ал ливиялық денсаулық сақтау министрлігінде 63 адамның түрлі жарақат алғаны туралы хабарланды.
Қақтығыстың салдарынан халықаралық Митига әуежайы жұмысын тоқтатқан.
Жергілікті қолбасшылардың бірі әуежай жанында орналасқан түрмеден «Ислам мемлекеті» және «Аль-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымдарына қатысы бар деген бірнеше күдіктілерді босатпақ болған. Бірақ «Арнайы тежеу күштері» құрылымының мүшелерінен тұратын күзетшілер қарсылық көрсеткен.
Деректер бойынша бұл түрмеде 2,5 мың адам қамауда отыр.
Cranberries тобының вокалшысы қайтыс болды
Ирландық The Cranberries рок-тобының вокалшысы Долорес О'Риордан 46 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды vesti.ru.
Полиция бұл күтпеген қазаны түсініксіз деп бағалауда. Тергеу жүргізілуде.
Өлер алдында Долорес дыбыс жазу үшін Лондонда болған. Полиция мен дәрігерлер Вестинстердегі қонақ үйге таңғы 9:05 шамасында шақырылған.
Долорес О'Риордан 1990 жылы 18 жасында The Cranberries тобының бас әншісі атанған. 2003 жылдан бастап сольді мансабына аяқ басты. Әнші Duran Duran тобының бұрынғы менеджері Дон Бертонмен тұрмыста болған. Жұптың бір ұлы мен екі қызы болған.
Ирландия президенті Майкл Хиггинс әншінің жақындарына көңіл айтты. Ол солистің зор ықпалын, топтың Ирландия мен өзге елдердің музыкасына деген үлесін, О'Риорданның өлімі – оның жанұясына, ирланд музыканттарына және шоу бизнесіне үлкен соққы болғанын айтып өтті.
АҚШ мемлекеттік департаменті өз азаматтарына КХДР еліне бармас бұрын жерлеу рәсіміне дайындалу керектігін айтты
Қамалу қауіпі зор болғандықтан сыртқы саясат мекемесі АҚШ азаматтарын КХДР еліне бармауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости. Мемлекеттік департаментпен берілетін арнайы рұқсатсыз американдықтар Солтүстік Кореяға бара алмайды. Мұны дипломаттар ескертіп өтті.
КХДР елінде жүрген американдықтарға АҚШ төтенше көмек бере алмайды. Себебі екі ел арасында елшілік және консулдық байланыс жоқ. Дегенмен Швеция екі ел арасындағы байланысты қолдауда бітімгер рөлін атқарып келеді. Мұның өзі Солтүстік Кореядағы американдық азаматтарға шамалы көмек беруге мүмкіндік береді. Бірақ КХДР үкіметі швед өкілдері мен қамаудағы американдық азаматтарының кездесуін не кейінге қалдырады, не мүлдем тыйым салып тастайды.
Мемлекеттік департамент КХДР еліне баруға арнай рұқсат алған азаматтарға бірнеше ұсыныстар айтады. Дипломаттар кетер алдында мұра жазып кету, балалары болса оларды асырап алу сұрақтарын, тіпті жерлеу рәсіміне дайындалу керектігі туралы айтады.
Голливуд әртісі Кевин Спейсиді нәсілшілдікке айыптауда
VIP Protective Services күзет фирмасының 51 жастағы басшысы Эрл Блу «Қарта үйі» сериалындағы басты рөлін сомдаушының түсіру алаңында қара нәсілді фирма қызметкерімен амандаспай қойғанын айтты, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Блу тіпті Спейсидің қара нәсілді қызметкерлерге дөрекі сөйлегенін де айтты. Актер қауіпсіздікке жауап беретін адамға, өзінің трейлерін көрсеткісі келмейтінін айтып, дөрекі сөздер қосқан.
Кевин Спейсидің айналасы шатаққа толып кетті. 15 адам актерді алымсақтыққа айыптаған. Шатақ Star Trek сериалының жұлдызы Энтони Рэпптан басталған болатын
Следующая →

Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Вооруженные столкновения в Триполи Скончалась вокалистка Cranberries Долорес О'Риордан Госдепартамент США Актер Кевин Спейси Голливуд