15 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Ливанда Спилбергтің жаңа фильмін көрсетуге тыйым салынды
Ливан Стивен Спилбергтің «Құпия құжаттама» атты драмасын көрсетуге тыйым салды. Бұл фильмнің Бейруттегі көрсетіліміне бірнеше күн қалғанда орын алды, деп хабарлайды life.ru.
Басты рөлдерді Мэрил Стрип пен Том Хэнкс сомдаған фильм ливандық цензура кеңесіне жақпай қалған. Мекеме мұндай шешімді «Израиль байкоты» атты тізімге бола қабылдаған. Оның ішіне Спилбергтің Оскар жүлдесіне ие болған холокост туралы «Шиндлердің тізімі» атты туындысы кіреді. Бірнеше сценаны режиссер 1993 жылы Иерусалимде түсірген.
«Құпия құжаттаманың» алғашқы көрсетілімі 2018 жылдың 22 ақпанына жоспарланған. Фильм «Вашингтон пост» газетін басушы әйел Кэтрин Грэм мен редактор Бен Брэдлидің оқиғасын баяндайды. Олар 30 жылдан астам уақыт бойы жасырылып келген мемлекеттік құпияларды ашу құқығы бойынша «Нью-Йорк таймс» газетімен жарысқа түскен.
Филиппинде жанартаудың оянуына байланысты мыңнан астам адам көшірілді
Филиппинде Майон жанартауы оянды. 13 қаңтарға қараған кеште ол 2,5 шақырым биіктікке күл лақтырса, жексенбі күні бұл үрдіс жалғасын тапқан. Билік 920 жанұяны көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Майон жанартауы республикадағы ең үлкен Лусон аралында орналасқан және өзінің конусты белгісімен танымал. Соңғы 400 жыл ішінде 51 рет атқылаған.
Ең апатты жағдай 1814 жылы орын алды. Тегіс бір қала лаваның астында қалып, 1200-ге жуық адам қаза тапқан.
Трампты Сталинге теңеді
Американдық сенатор Джефф Флэк президент Дональд Трамп пайдаланған «халық жауы» сөзін сынға ала отырып, Сенатқа баяндама оқып бермек, деп хабарлайды Корреспондент.net.
Флэк бұл сөзді кеңестік жетекші Иосиф Сталиннің айтқанын еске салды.
- Саясаткер жақтырмаған «БАҚ-ты жалған» деп атаса, баспа емес, мұны айтқан адам күмәнді, - дейді сенатор.
Оның айтуынша, «Сталин өзінің жауларын атаған сөзді» президент қолданса, американдық демократияның жағдайы туралы түсінік алуға болады.
Шри-Ланка билігі әйелдерге алкоголь сатуға тыйым салды
Бұл елде алкоголь өнімдерін сатуға 39 жыл қатарынан тыйым салынып келген. Шри-Ланканың Қаржы министрлігі бұл тыйымды алып тастап, гендерлік нейтралитетті қалпына келтірді, деп хабарлайды life.ru.
Шри-Ланка қаржы министрі Мангала Самаравера спирттік өнімдерге деген шектеуді алып тастап еді, ел президенті Майтрипала Сирисена бірнеше күн өтпестен әйелдерге салынған тыйымды қайтадан енгізді. Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлайды.
- Дүйсенбіден бастап министрдің бұйрығы кері қайтарылады, - дейді Шри-Ланка басшысының ресми мәлімдемесінде.