Римде қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық жасауда
Жұмысшылар көшеге шығып, еңбек ету жағдайы қиындап кеткенін айтып наразылық білдірмек
Кәсіподақ мүшелерінің айтуынша, Рим қаласының әкімдігі қоғамдық көлік қатынасына үлкен талап қойып отыр. Ал бұл жұмысшыларға қиын.
Соған орай, жұмысшылар мен кәсіподақ мүшелері жұма күні елде 24 сағат наразылық акциясын өткізіп, сағат 8.30-дан бастап көшеге шықпақ.
Ал кәсіподақтың мәлімдеуінше, ол күні пойыз, автобус, метроның бәрі жүрмей қалуы мүмкін.