Өскеменде табылған жарылғыш зат жалған болып шықты
Оқиға Ескі Ахмер кентіндегі көшелердің бірінде болған
Ал «Ескі Ахмер» аялдамасы алдындағы жол жабылып, көлік пен адамдардың жүруіне тыйым салынған.
Қала тұрғыны күдізгі сағат он екілерде полицияға хабарласып, күмәнді сөмкені тауып алғанын әрі ішінде жарылғышқа ұқсас заттың жатқанын айтқан. Оқиға орнына келген құқыққорғау органы қызметкерлері, кинологтар мен жедел жәрдем қызметі тексеріс жүргізген.
Алайда ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, сөмкеде адам тағдырына қауіп келтіретіндей ештеңе табылмаған.
Кейін полицейлер жолды босатып, көшені ашқан.