Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

9 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Сахарада қар жауды Айн-Сефра ауданында таңертең қар жауып, құмды даланы көмкеріп тастады, деп хабарлайды Газета.ru. 37 жыл ішінде Сахара шөлінде төртінші рет қар жауды. 2016 жылдың желтоқсан айында Сахара шөлінде 1979 жылдан бері бірінші рет жауған болатын. Алжирлік Айн-Сефра қаласындағы табиғи құбылыстың суретін Карим Бушетата атты суретші жариялаған. Еуроодақ КХДР еліне қарсы санкцияны кеңейтті Бұл туралы одақ жариялаған мәлімдемеден белгілі болды, деп хабарлайды RT. Аталғандай, санкциялық тізімге Солтүстік Кореяның Әскери іс бойынша министрлігі мен 16 азаматтық тұлға енгізілді. Енді жаңа санкциялармен бірге БҰҰ тізімінде 79 азаматтық тұлға мен 54 ұйым болды. Пхеньянда Еуропалық одақтың Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын заңсыз деп атады. Ұлыбританияда ғашық терроршылар ұсталды Терракт ұйымдастырмақ болған жұп британ сотының алдына шығатын болды, деп хабарлайды РИА Новости. 39 жастағы Судан азаматы фармацевт қызметін атқаратын 33 жастағы Лондон тұрғынымен танысқан. Әйелдің білімі жарылғыш зат дайындауға жеткілікті-мыс. Әйел мен еркектің эмоционалды байланысы айтарлықтай жоғары болған. Ғашықтар экстремистік бейнелер мен суреттерді бір бірімен алмасып отырған. Былтыр желтоқсан айында полиция олардың үйін тінту барысында жарылғыш заттардың құрамын анықтаған. Үкім ақпан айының аяғында шығады. Дональд Трамп 2020 жылғы АҚШ президентінің сайлауына қатыспақ Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметкерінің орынбасары Хоган Гидли мәлімдеді, деп хабарлайды Корреспондент.net. - Иә, ол президенттікке түсетіні рас, - дейді журналистерге Гидли. Киттер биолог әйелді акула шабуылынан аман алып қалды Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Кук аралдарына жақын маңда 63 жастағы жүзгішті кит жолбарыс акуласынан аман алып қалды. Бұл туралы life.ru хабарлайды. Биолог Нэн Хаузер маңайда жүзіп жүрген киттерге тым әуестеніп, жақындап қалған акуланы байқамай қалған. Жыртқышты көрген кит, әйелді қанатымен қорғай бастаған. Бұл он минутқа жалғасса да, әйел сабырлық сақтаған. Әйелдің айтуынша, маңайда жүрген тағы бір кит акуланы қуып жіберуге тырысқан. Кейін драйверлер жыртқыштың үш метрге жуық болғанын, егер сүтқоректілердің ерлігі болмаса, биологтың тағдыры қыл ұшында тұрар еді.


Следующая →