Иран елдегі көтерілістің пайда болуына АҚШ пен Британия ықпал етті деп мәлімдеді
2017 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Иранда жаппай көтеріліс болып жатыр. Қазірдің өзінде жиырма шақты адам өлім құшты
Ал Иранның Жоғары Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани елдегі наразылық акциясының белең алуына АҚШ, Британия, Сауд Арабиясының кінәсі бар дегенді айтады. Мұны Tasnim агенттігі хабарлап отыр
- Әлеуметтік желідегі хештегтердің 27 пайызы Сауд Арабиясы үкіметінің қолдауымен құрылған, - деп мәлімдеді Шахмани.
Оның ойынша, наразылық акциясын ұйымдастыру арқылы аталмыш елдер Иранның дамуына кедергі болғысы келеді. Сондықтан Вашингтон, Ұлыбритания және Сауд Арабиясы әлеуметтік желі арқылы халықты арандатушылыққа айдап салған.
Қауіпсіздік кеңесі басшысы қазіргі уақытта наразылық акциясының тоқтағандығын айтады.