Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны Олимпиада ойындарына қатыса отырып, келіссөз жүргізуге шақырды

Мұндай ұсынысты Оңтүстік Кореяның Корея Республикаларын біріктіру ісі жөніндегі министрі Чо Мён Гюн айтты

Ал өз кезегінде, Пхеньян билігі Олимпиада ойындарына спортшыларына жіберетіндігін әрі келіссөз жүргізуге дайын екендігін жеткізген.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхенчхан қаласында ақпан айында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамасын аттандырғалы жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Кореямен байланысты орнатып, арадағы қатынасты жөндеу керектігін мәлімдеген.

Ал Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы комитет КХДР-дың бұл бастамасын бейбітшілік әрі «Олимпиадалық рух» деп атады.

Айта отырайық, желтоқсан айының басында Солтүстік Корея спортшылары Олимпиада-2018 іріктеу сынақтарынан өте алмай қалғандығы белгілі болған. Тек екі солтүстіккореялық спортшыны ғана Олимпиадаға жіберу туралы шешім шыққан.

Алайда Халықаралық олимпиада комитеті солтүстіккориялық спортшыларды «Ынтымақтастық бағдарламасы» бойынша шақырғалы отырғанын айтты. 

Следующая →