Россия Солтүстік Кореяға мұнай тасымалдауда деп айыпталды
Ресей БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін тасымалдамау туралы қаулысын орындамай отыр дейді Еуропаның қауіпсіздік қызметі
Бұл жайында Reuters агенттігі жазады. Агентік 2017 жылдың қараша және қазан айында Ресей кемелері Солтүстік Кореяға контрабанда арқылы мұнай тасымалдады әрі мұның барлығы Ресей үкіметінің бастамасымен жасалды деп жазды.
Бұған Ресей кемелерінің Тынық мұхит арқылы қатынауы дәлел болған. Ал кейбір кеменің транспондері өшірілген. Яғни, бұл қондырғы өшірілген кезде, кеменің нақты қай жерде екенін анықтау мүмкін емес.