Астана халқының үштен бір бөлігі бизнеспен айналысады
1 қараша 2017 жылы қолданыстағы ШжОБ субъектілері 95 686 бірлікті құрады, бизнеспен айналысып жүргендер саны 316 мыңнан астам адам, деп хабарлайды www.astana.gov.kz сайты.
Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту әкімдік жұмысының басты артықшылығы. Биыл астанада 11 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектілері пайда болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% көп.
Өңірлік дамыту бағдарламасындағы кәсіпкерлікті қолдау үшін 2017 жылы 1,7 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде «Астана бизнес» бағдарламасы бойынша – 250 миллион теңге, «Astana – ZhasStarT» жастар кәпіскерлігін дамыту үшін – 200 млн теңге, «Astana Servicе» жаңа бағдарламасын іске асыру үшін – 250 млн теңге, «Astana Retail» бағдарламасына – 1 млрд теңге бөлінді.