Көкпектіде браконьер ұсталды
Самар ауылының тұрғыны бір тоннадан астам балықты заңсыз аулаған
Күдіктіні ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының жедел іздестіру жасағының инспекторлары ұстап алған. Ал Самар ауылының тұрғыны 1071 килограмм балықты заңсыз аулап, оны сатпақ болған.
- Мемлекетке келген шығынның көлемі 250 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни, жарты миллион теңге шығын келген, - дейді мамандар.