Ким Чен Ын: Солтүстік Корея санкция мен арандатушылыққа көнбейді
Бұл жайында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мәлімдеп отыр
- АҚШ пен өзге де дұшпандар бізге санкция салу арқылы арандатушылық тудырғысы келеді. Алайда біз өз партиямыздың күшін пайдалана отырып, кез келген санкция мен арандатушылықты жеңе аламыз. Біз әлі де өз стратегиямызды дамытатын боламыз, - деді Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның Еңбек партиясы жиналған отырыста.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы ядролық қару мен зымырандарды сынақтан өткізбеуге күштеп тыйым салуға шешім қабылдап, санкция жариялаған болатын. Ал өз кезегінде, Солтүстік Корея бұл санкцияны мойындамай отыр.