Головкин жыл боксшысы атанды
Танымал Boxingnews24.com басылымы 2017 жылы үздік өнер көрсеткен боксшылардың тізімін жариялады
Ал оның ішінде Геннадий Головкин бірінші орында тұр, деп жазады Sports.kz.
- Головкин мен Ломаченконың біреуін таңдау қиынға түсті. Алайда Головкиннің Джейкобспен, Канеломен өткізген жекпе-жегінде үздік өнер көрсеткені үшін оған бірінші орынды беруді лайық көрдік, - дейді порталдың тілшісі Шон Джонс.
Ендеше, Boxingnews24.com жариялаған тізім мынадай:
1. Геннадий Головкин
2. Василий Ломаченко
3. Теренс Кроуфорд
4. Энтони Джошуа
5. Срисакет Сор Рунгвиса
6. Андре Уорд
7. Александр Усик
8. Джермелл Чарло
9. Эррол Спенс
10. Майки Гарсия