21 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Пентагонда КХДР еліне жасалатын алдын алу соққысын ойластыруда
Бұл туралы «Дейли телеграф» газеті өзінің ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.
Дипломатияның тиісті нәтиже бере алмағанына үрейлеген Ақ үй соңғы айлары Корей түбегіндегі ядролық мәселені әскери әрекетпен шешуге дайындала бастаған көрінеді. Негізінен Пхеньян кезекті зымыранын ұшырмай тұрып арнайы алаң мен қоймаларды жойып жіберу көзделуде. «Пентагон өзінің әзілдеп тұрмағанын анық көрсету үшін, солтүстіккореялықтардың тұмсығынан ұрудың амалдарын іздестіруде», - дейді американдық қауіпсіздік органдарының бұрынғы қызметкері.
КХДР айналасындағы жаңа дүрбелең 29 қараша күні басталған еді. Пхеньян 75 күні ішінде алғашқы зымыранын ұшырды. Солтүстіккореялық ақпарат агенттігі «Хвасон-15» жаңа зымыранының 53 минут ішінде 4475 км биіктікке ұшып, 950 шақырымға дейін барғанын хабарлаған. Мамандардың айтуынша бұл жаңа зымыран 13 мың шақырым жерге дейін ұшып, салыстырмалы түрде АҚШ шекарасын тегіс қамти алады.
123 жылға сотталған АҚШ азаматы өз өзіне қол салды
Бұл турады life.ru хабарлайды.
Басылым деректері бойынша, Джордж Джонсон өз камерасында өлі күйі анықталған. Бір күн бұрын ол заңсыз бостандығынан айырып, қылмыстық қауіп тудырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.
Тергеушілер зорлық жасаған адамды іздестіру барысында Джонсонның көлігін танып қойған. Полиция қуғынында жүрген қылмыскер Burger King кафесінде жасырынып, кішкентай қыз бен үш кафе қызметкерлерін тұтқынға алған. Джонсон үш адамды босатып, бір тұтқынды өзімен ала қашқан.
Швецияда жыныстық қатынасқа түсу үшін ер адамдарға біржақты келісім алу туралы заң шығуы мүмкін
Енді екі жақты келісім бола тұрып, жыныстық қатынас орын алса ер адамдар зорлық жасады деп айыпталуы мүмкін, деп хабарлайды gazeta.ru
Заң 2018 жылдың шілде айында күшіне енуі керек. Осылайша швед үкіметі АҚШ пен өзге елдерде орын алған алымсақтыққа байланысты шатақтарды дебатта талқылай отырып шешім шығарды.
Бұл заң тек кездейсоқ жыныстық қатынасқа емес, достық қатынастағы жұптар мен жұбайларға да қатысты болады.
- Барлығы өте оңай – сен өзіңнің серігіңнен жыныстық қатынасқа түскісі келетінін біліп алуың керек. Егер сенімсіз болсаң, сол күйі қалдыр. Барлығы ерікті болуы керек, - дейді Швеция үкіметінің басшысы Стефан Лефвен.
Римде құны 50 мың еуроға татитын рождестволық шырша кеуіп қалды
Италияда Римдегі Венеция алаңында екі апта тұрған шыршаның кеуіп қалғанына байланысты шатақ шықты, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Алдын ала тергеу барысында қылқанды ағаштың тасымал барысында дұрыс жабылмағаны белгілі болған. Ағаш Австрия шекарасына жақын маңда шабылған. Оның тасымалына билік 50 мың еуро шашқан.
Тұтынушылар құқығын қорғаушы топ шенеуніктерді бюджеттік қаражатты шашты деп айыптауда. Ұйым масқара шыршаны алаңнан алып тастауды талап етті.
Следующая →