Бүгін Астанада Сирия бойынша келіссөздің сегізінші кезеңі басталады
«Астана-8»-ге қатысушылардың барлығы 21-22 желтоқсанда өтетін келіссөзде болатындарын растады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі
Ресей делегациясын РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркияны – сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иранды – сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастап келеді.
Дәстүр бойынша кездесуге Сирия үкіметі мен оппозициясының, БҰҰ, бақылаушы елдер АҚШ пен Иордания өкілдері қатысады.
20 желтоқсан күні кешке Сирияның бейбітшілік режиміне кепіл елдер делегацияларының басшылары, сирияның қарулы оппозициясы өкілдері келді.
Жоспар бойынша 21 желтоқсан күні қатысушылар екі жақты және үш жақты кеңес өткізіп, 22 желтоқсанда пленарлы отырысқа қатысады.
Қазақстан СІМ хабарлауынша, қатысушылар ұсталғандарды босату, қаза тапқандардың мүрдесін беру және іс түссіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының жағдайын талқылайды.
- Мұнымен қоса, қатысушылар деэскалация аумағының қызметі сұрақтарын талқылай отырып, ЮНЕСКО мен Сириядағы гуманитарлы миналардан тазарту туралы арызды бекітеді, - дейді Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарландурында.
Следующая →