Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +30°
  • Шымкент
    +30°
$
457.98
+5.06
490.86
+5.87
¥
63.12
+0.70
5.26
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

11 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Берлинде Рождестволық жәрмеңкеде қару-жарақтар қоймасы табылды Германия астанасында рождестволық жәрмеңке мен мешіт маңынан үлкен көлемде қару жарақ қоймасы анықталды, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Қарулар жерасты автотұрағынан анықталған. Деректер бойынша, полиэтилен пакеттерге ерекше қаптамада салынған 200 оқ дәрі болып шыққан. - Жабдықтардың жәрмеңкеге жақын орналасқандығы, мешіттің автотұрақ үстінде тұрғаны қауіпті жағдай тудыруы мүмкін, - дейді полиция есебінде. Оқиға орнына құқыққорғаушылар келіп, жарылғыш заттың бар-жоғын тексеріп, оқ дәрілерді сараптамаға жіберді. Полиция әзірге оқ дәрілердің кімге тиесілі екенінен бейхабар. Криптовалютадан миллиардқа ие болған адам биткоин туралы болжам айтады Американдық бизнесмен Кэмерон Уинклвосстың айтуынша, биылғы кроиптовалютаның қарыштап кетуі – тек басы ғана. Болашақта ол 20 есеге өсетін болады. Бұл туралы TengriNews хабарлайды. Миллардер өзінің болжамын құны алты триллион долларды құрайтын нарықтық алтын бағасына сүйеніп айтуда. Уинклвосстың пікірінше, инвесторлар биткоиннің компьютердің көмегімен жасалған ауыр есептер екен, оның қымбат металға қарағанда жойылымды актив екенін түсінген. - Меніңше биткоин алтынды бұзады. Бұл тек басы деп ойлаймын, - дейді миллиардер. 2013 жылы Уинклвосс бір биткоин 120 доллар тұрған кезде 11 миллионға криптовалюта сатып алған. Бүгінгі таңда биткоин құнымен есептегенде оның қаражаты 1,7 миллиард долларға жеткен. Бағдатта Ислам Мемлекетін жеңген күн аталып өтті Бағдатта ИШИМ (Қазақстанда тыйым салынған) әскерин жеңген ирактық қызметкерлер Әскери парад ұйымдастырды, деп хабарлайды Интерфакс. Салтанатты шеруге ирак әскері мен полициясы қатысты. Бағдат аспанында әскери ұшақтар мен тікұшақтар айналуда. Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абади 10 желтоқсанды ұлттық мереке деп жариялады. Пойыз жолаушылары енді жоғарғы сөреден түсе алмайды Бұл туралы «Федералды жолаушылар компаниясы» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. - Жолаушылар тасымалы Ережесінің 51 бөлімі бойынша, жолаушы құжатын алған адам тасымалдаушымен келіссөзге келіп, билетте көрсетілген орынды алуға келіседі. Жолаушымен төленген орында үшінші адам қаралмаған. Яғни, жоғарғы сөредегі жолаушы билет сатып алған адамның рұқсатынсыз орын ала алмайды, - деп хабарлайды ФЖК.
Следующая →