Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

7 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Өзбекстанда 2700 адамға рақымшылық жасалды

Ел президенті Шавкат Мирзиеев республика Конституциясының қабылдануына 25 жыл толуына орай 2700 сотталушыға рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды «Интерфакс»

- Еліміздің тарихында алғаш рет Өзбекстан республикасының президентімен 2700 адамға рақымшылық жасау туралы, сонымен қатар, түрлі жағдайларға байланысты қылмыс жасаған, әрекетіне шынайы өкінетін және түзу жолға нық тұрған, тұрғылықты орнында және жазаны орындау мекемесінде жақсы мінездеме алған 956 тұлғаны босату туралы жарлық шықты, - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Аталғандай, рақымшылық актісіне түскендерге жанұясымен жуықта қосылуға, елдегі өтіп жатқан реформаларға белсенді қатысу үшін қоғамға оралуға мүмкіндік беріледі.

Ресей қорғаныс министрлігі: Аргентиналық «Сан Хуан» сүңгуірқайығын іздестіру жалғасуда

Гидрометеорологиялық жағадай жақсарған соң Ресей ӘТФ мамандары Аргентина ӘТК «Сан Хуан» сүңгуір қайығын іздестіруді жалғастырды, деп хабарлайды ТАСС.

- Аргентина ӘТК кемесінің бортынан адамсыз «Пантера плюс» телебасқармалы құрылғысы үш рет сүңгіп, 840, 940 және 960 метр тереңдікті зерттеп шықты. Жұмыс жалғаса береді, - деп хабарлайды ресейлік әскери мекеме.

Ресей ӘТФ апаттық құтқару және іздеу қызметі «Пантера плюс» су асты құрылғысын 125-тен 970 метр тереңдікке жеті рет түсірді. Бұл техниканың арқасында балықшылар траулері мен бетонды қабат анықталған болатын.

Сол сияқты, аталған ауданға Ресей ӘТФ «Янтарь» кемесі келіп, іздеу жұмыстарын бастап кетті.

Дизель-электрлі «Сан Хуан» сүңгуір қайығындағы 44 адам Ушуя қаласынан шығып, 15 қараша күні байланыстан үзіліп кеткен. Қайықты іздеу жұмыстары 16 қараша күні басталды. Аргентина ӘТК 30 қараша күні іздеу операциясын тоқтатты.

Сент-Луисте бір моторлы ұшақ құлады

В Сент-Луисе потерпел крушение одномоторный самолет

Альбекерке қаласынанын ұшып шыққан Beechcraft Bonanza ұшағы Спирит жергілікті мекеніне бағыт алған, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Өртке қарсы қызмет өкілі Роджер Херин бортта отырған бір адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

- Оқиға орнына жеткен кезде, ұшақ тегіс өртеніп жатты. Отты тез сөндіріп тастадық, - дейді Херин.

Ол апаттың жанармай бекеті жанында орын алғанын, көптеген құрбандардан аман қалғанын айтады. Қазір мамандар болған оқиға салдарын анықтауда.

Жапондық мектепке жабайы қабандар еніп кетті

Жапондық Киото қаласының маңында жабайы жануарлар мекемеге еніп кетіп, оқушыларды шошытқан, деп хабарлайды life.ru.

Олар дәліздермен жүгіріп, оқушылар мен ұстаздар жасырынған шыны терезелерді соққылай бастады. Жануарлар ауланғанға дейін, қабанның біріжергілікті тоғанда шомылып үлгерген.

 

Следующая →