Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

4 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Аргентиналық сүңгуір қайықты іздеу аймағында белгісіз нысан табылды Аргентиналық флот офицері Энрике Бальбидің айтуынша, зат 950 метр тереңдікте жатыр. Ол сүңгуірқайықтың соңғы орналасқан жерінен жақын маңда, деп хабарлайды ABC News Сүңгуірқайықпен соңғы байланыс барысында апат орын алғаны туралы хабарланған. Бортта 44 адам ортырған. Олардың арасында Аргентина тарихындағы алғашқы сүңгуір әйел Элиана Мария Кравчик бар. Естеріңізге саламыз, аргентиналық «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы 15 қараша күні Ушуайя әскери теңіз базасынан Мар-дел-Платаға сапары барысында байланыстан үзіліп кеткен. АҚШ пен Оңтүстік Корея жаппай Әуе әскери күштерінің дайындықтарын жүргізеді Дүйсенбі күні әскери одақ тарихындағы екі елдің ең ауқымды Vigilant Ace 18 ӘӘК дайындықтары басталады, деп хабарлайды ТАСС. Дайындыққа бірден алты F-22 Raptor жойғыштары, алты көзге көрінбейтін бесінші буын F-35A жойғыш бомбалаушылары, екі стратегиялық B-1B Lancer бомбалаушылары қатысады. Барлығы АҚШ пен Оңтүстік Кореяның 230 ұшақтары іске қосылады. Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Vigilant Ace 18 «екі елдің кез-келген ауа райында, күндіз де, түнде де ӘӘК дайындығын» арттыруға бағытталған. Дайындықтар Корей түбегіндегі жаңа жағдайлар аясында жүргізілуде. Естеріңізге саламыз 29 қараша күні КХДР континентаралық «Хвасон-15» баллистикалық зымыранын ұшырған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл зымыран 13 мың шақырым жерге жетіп, бүкіл АҚШ шекарасын өзінің атыс алаңына айналдыра алады. Венесуэла жетекшісі мемлекеттік криптовалюта құруды жариялады Николас Мадуро хабарлағандай, ол El Petro деген атау алып, мұнай, алтын және жауһармен қамтамасыз етіледі Бұл туралы LiFE хабарлайды. - Бұл тақырыпты терең зерттей отырып, Венесуэла мұнай қоры негізінде жаңа криптовалюта жүйесіне көшетінін жариялаймын. Венесуэла El Petro криптовалютасын шығарады, - дейді венесуэлалық жетекші. Мадуро бұл арқылы «халықаралық қаржыландыруға қол жеткізе отырып», Венесуэланы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығаруды көздеп отырп. Мадуро жуықта американдық долларға баламалы жаңа әлемдік төлем жүйесін құру жоспарын жариялаған болатын. Финляндия билігі Еуроодаққа уақытты өзгертуден бас тартуды ұсынды Келесі аптада Финляндия Еуроодаққа жазғы және қысқы уақытқа көшуден бас тарту жобасын ұсынады. Бұдан кейін Еурокомиссия бұл ұсынысты қарауға қабылдайды, я болмаса бас тартады. Эстония экономика министрі Кадри Симсонның айтуынша, финдіктер өз бастамалары бойынша денсаулық туралы дәлелге сүйеніп отыр, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Симсонның айтуынша, Еуропалық парламент уақыттың шегерілуінің оң және теріс жақтарын зерттеуге тапсырыс берген. Германияда жанұя елікті Санта-Клаустың серігімен шатыстырып алды Германияның Эльрихе қаласында әйел адам еліктің тұяғынан зардап шекті. Оқиға әйел балаларымен көшеде жүрген кезде орын алған. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеген, деп хабарлайды life.ru. Хардап шегушінің айтуынша, жарық шағылыстырғыш желеттегі жануар күтпеген жерден алдарынан шыққан. Балалар оны Санта Клаустың сиқырлы елігі деп ойлағандықтан қорықпаған. Елік оларға жақындап келгенде әйел балаларын кеудесімен жауып қалған. Елік екі аяғымен тұрып, әйелді теуіп жіберген. Тәртіп сақшылары жануарды ұстап, жақын маңдағы жануарлар бағына өткізген.
Следующая →