Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

28 қарашаға арналған әлемдік жаңадықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Олег Табаков ауыр халде ауруханаға түсті Атақты актер және театр режиссері Олег Табаков ауыр халде бірінші Град ауруханасына түсті, деп хабарлайды «Интерфакс» - Ол қазір алтыншы жансақтау бөлімінде, дейді баспасөз мәлімдемесінде. Өз кезегінде «Табакерка» баспасөз қызметінде О. Табаковтың жоспарлы емделуден өтіп жатқанын, жансақтау бөлімі туралы әңгіме де жоқ екенін айтады. - Барлығы жақсы Олег Павлович стоматология бағыты бойынша жоспарлы емделуден өтуде. Жансақтау бөлімі туралы ешқандай әңгіме жооқ. Ол Театр қызметкерлері одағының емханасында сапалы ем алуда, - дейді «Табакерка» баспасөз қызметкерлері. Сол сияқты «Табакеркадағы» «Мен тумаған жыл» қойылымы техникалық олқылықтарға байланысты кейінге шегерілген. Путин әлемнің барлық елдерін химиялық қарудан бас тартуға шақырды Бұл туралы ол Химиялық қаруға тыйым туралы конвенцияға қатысушы елдер конференциясының 22 сессиясында айтты. - Химиялық қаруы бар елдерді біздің үлгіге сүйене отырып, оның қорын жуық арада жоюға, сол сияқты Конвенцияның халықаралық құқықтық алаңында жоқ елдерді қатарымызға қосылуға шақырамыз, - дейді хабарландыруда. Ресейлік химиялық арсеналдың соңғы даналары ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде жойылған болатын. Ресей басшысы бұл оқиғаны «сенімді және тұрақты бейбітшілікке деген қадам» деп бағалаған болатын. - Мықты саясаи ерік көрсету – біздің ортақ мақсатымыз – химиялық қарудан тәуелсіз бейбіт әлем қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - дейді Путин. Химиялық қаруға тыйым салу бойынша ұйымға қатысушы елдер конференциясының 22 сессиясы Гаагада 27 қараша 1 желтоқсан аралығында өтеді. Көңіл күйді ауыстыратын имплантант алғаш рет адам миына орнатылды Құрама штаттарда импульстардың көмегімен адам көңіл күйіне, қылығына әсер ете алатына нейроимплантанттар алғаш сынақтан өтті, деп хабарлайды Nature басылымы. Зертттеу аясында ғалымдар асихикалық ауытқулар барысында адам миындағы белсенділікті анықтайтын нейроимплантанттарды сынақтан өткізуде. Ауытқулар туындаған кезде құрылғы адам миына электр импульстарын жіберіп, оны қалыпты күйге түсіреді. Калифорния университеті мен Массачусетс ауруханасының зерттеушілері имплантанттық электродтар жүйесін құрып әскерилер мен ардагерлерді күйзелістен, посттравматикалық күйден емдеуді көздеп отыр. Дегенмен басылымның айтуынша, жаңа технология емдеу жұмыстарын дәрігерсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Астанада танымал испан сәулетшісі жұмыс істейді Көптеген елдердегі футуристік құрылыс нысандарының авторы Қазақстанға келіп, астананың сәулет нысандарымен танысу мүмкіндігіне ие болғаны үшін президентке алғыс айтты. Мемлекет басшысы Астананы тек ерекше сәулет пен ыңғайлы өмір күйі емес, ерекше әсері ерекшелейтінін айтып өтті. - Сіздің еңбектеріңізбен, тарихыңызбен танысып шықтым. Енді Астанада жұмыс істейтін ниет білдіріп отырсыз. Өтінемін, сізді тыңдап тұрмын, - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. - Президент мырза, бізге мұнда өте жайлы. Қаланың даму және өсу деңгейінен әсер алдық. Бүгін 36 жылдық еңбек тәжірибемізбен бөліскім келіп еді. Біздің компания 20 елде жұмыс істеп, Афинадағы олимпиада нысандары, Лиссабондағы ЭКСПО павильоны сынды ірі құрылымдық нысандарға күш салды, - деп жауап берді Сантьяго Калатрава.
Следующая →