Пәкістанда исламшылдар мен полицияның қақтығысы екінші күн жалғасуда
Жексенбі күні Пәкістанда ислам партиясының белсенділері мен тәртіп сақшыларының арасындағы қанды қақтығыс жалғасты
Алдыңғы күндері қақтығыс барысында алты адам қаза тапса, сенбі күндері 120 адам зардап шегіп, олардың 80-і полиция қызметкерлері болды.
Исламшылдардың ашуын тудырған салдар сайлау туралы заңға өзгерістердің енгізілуі болды.
Полиция мен арнайы қызмет қарсылық тудырушылардың лагерін қоршауға алған. Әскер әзірге қақтығысқа қатысудан тартынуда. Дегенмен үкімет әскери бөлімдердің кез-келген жағдайға дайын болуын талап етті.
Қарсылық білдірушілердің өкілі журналистерге акцияның жалғасатынын мәлімдеді.
- Біз мыңдағанбыз және біз кетпейміз. Аяғына дейін күресетін боламыз, - дейді исламшылдар өкілі.
Следующая →