Ресейде коммуналды түбіртектерде жарнама жариялауға тыйым салынды
Ресейдің Мемлекеттік думасындағы үшінші оқылымында коммуналды түбіртектерде жарнама жариялауға тыйым салу туралы заң қабылданды
Жаңа заң төлем құжаттарының алдыңғы және артқы бетіне жарнама жариялауға тыйым салады. Ал аталмыш заң оны ресми жариялағаннан 60 күннен кейін заңды күшіне енеді.
- Бүгінгі ақпараттық кеңістік түрлі жарнамамен толып кеткен: сыртқы, дыбыстық, БАҚ-тағы жарнама, баспадағы жарнама, т.б. Азаматтардан төлем құжаттарына жарнама жариялауға шағымдар түсіп жатады, - деп жазылған түсіндіру хатында.
Следующая →