Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

23 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ресейлік олимпиада жеңімпаздары барлық медальдарынан айрылды Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен ресейлік скелетонистер Александр Третьяков пен Елена Никитина Сочидегі 2014 жылғы Олимпиада ойындарының алтын және қола медальдарынан айрылып, спортшылар өмір бойына Ойындарға қатысу мүмкіндігінен айрылды. Бұл туралы ТАСС ХОК баспасөз мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады. Сонымен қатар, скелетонистер Мария Орлова мен Ольга Потылицынаның да нәтижелері жоққа баланып, Ойынға қатысуға өмір бойына шектелді. Айта кету керек Олимпиада барысында Потылицына бесінші, ал Орлова алтыншы орынды алған. Төрт скелетонистердің ісі Лозаннада Денис Освальд комиссиясымен тыңдалған. Халықаралық бобслей және скелетон федерациясы 2016 жылдың 30 желтоқсанында Третьякова, Никитин, Потылицынаға және Орловаға ХОК тәртіп ісін бастап, уақытша спорттан шығарып тастаған болатын. Олар Сочи Олимпиадасында антидопинг ережелерін бұзды деген күдікте болған. АҚШ-та Алғыс күнінде теракт болады деген үрей бар Нью-Йоркте Алғыс күнінде өтетіне «Мэйси» парадында американдық полиция қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлайды "Ассошиэйтед пресс" агенттігі. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қиылыстар құм тиелген қоқыс көліктерімен жабылады. Сонымен қатар адамдар арасында портативті радиация детекторларымен қаруланған полиция жүреді. Нысандардың шатырында мергендер орналасып, терезелер мен қылтималарды бақылайды. Полиция бұл дайындықтарды өткен парадтан кейін бастаған. - Қорғауға уәде берген адамдарды сендіремін, әлемде болып жатқан жағдайлар бойынша Нью-Йорк полициясы басқа құқыққорғаушылармен жұмыс істеп, тәжірибелі түрде дайындаламыз, - дейді Нью-Йорка полициясының өкілі Джеймс О'Нил. Macy's әмбебап дүкені ұйымдастыратын парад Нью-Йорк орталық саябағынан басталып, 34 көшеде орналасқан дүкеннің мекемесіне дейін созылады. Парадқа қатысушылар алып әуе шарларын алып келеді. Биыл «Салқын жүрек» мультфильмінің кейіпкері ақшақар «Олаф» сынды шарлар болады. Вологодтық ЛУКОЙЛ жанармай бағасын көтергені үшін айыпталды Вологодтық Федералды монополияға қарсы қызметі басқармасы «ЛУКОЙЛ-Волгамұнайөнім» компаниясының нарықтағы басым күшін өз мүддесіне пайдаланатынын мойындады. Осыған орай АИ-92 және АИ-95 маркалы автомобиль жанармай құнын негізсіз өсірмеуді талап етті, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Жанармай бағасының асқақтап кетуіне орай ашылған монополияға қарсы іс 2017 жылдың қаңтар айында ашылған болатын. Күн сайынға бағаны бақылау нәтижесі мұнай өнімдері құнының түспегенін көрсетті. Осылайша компаниямен қойылған құн негізгі көрсеткіштен ауытқып жоғарғы бағаның монополиялық белгілерін танытты. Тайван туристері Вопнафьордурдың жанында қаза таба жаздады. Исландияның солтүстік-шығысында туристік автобус жол айрағынан шығып кетіп, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды life. Iceland Magazine порталы хабарлағандай, зардап шеккендердің бірі ауыр халде жатыр. Оқиға 22 қараша күні Вопнафьордур қаласында орын алған. Тайвандық туристер отырған автобус қар тазалайтын көліктің артынан келе жатқан. Қатты боранның салдарынан жүргізуші қауіпсіз арақашықтықты сақтай алмай соғылған. Соққыдан автобус жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы шықса да, қатты боран апат орнына жетуге қиындық тудырған.
Следующая →