22 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Uber-дің 57 миллион қолданушыларының жеке деректерін хакерлер қолды етті
Қаскүнемдердің қолына несие карталары мен сапарлар маршруты туралы деректер түспеген, деп хабарлайды ife.ru.
Айта кету керек, Uber такси шақырту жүйесі жүргізушілердің сервисі болып табылады.
Жаппай тонау әрекеттері 2016 жылдың қазанында орын алса да, компания бұл туралы бір жыл тіс жармаған. Хакерлер бүкіл әлем бойынша 50 миллион жолаушының электронды мекен-жайлары мен телефон нөмірлерін қолды еткен.
Жолаушылардан бөлек, 7 миллион жүргізушінің жүргізуші куәлігі нөмірлері жоғалып кеткен.
Мұнай ағып кеткені үшін саратов компаниясы миллион рубль айыппұл төлейді
Саратовтық «"ТрансТехСервис-64" кәсіпорны мұнайдың төгілуіне байланысты 902,5 мың рубль айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды РОСБАЛТ сайты.
Наурыз айында кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл жұмыстар мұнайдың төгілуіне байланысты орын алған.
Тексеру барысында табиғатты қорғау заңнамасы бұзылғаны, мұнай қоймасы нысандарын тасымалдау ережелері сақталмағаны және басқа да тәртіптердің бұзылғаны анықталған.
Аталған қателіктер үшін кәсіпорын жауапкершілікке тартылды. Шығынды есептеу қорытындысы бойынша, қоршаған ортаның мұнаймен улану деңгейі 902,560 рубльге бағаланған.
Рестехбақылау Басқармасымен кәсіпорынға келтірілген шығынды өз еркімен өтеу туралы талап қойылған. Алайда шығын сомасы төленбегендіктен Саратов облысының Арбитражды сотына қуыным берілді.
Арбитраж сотының шешімімен 15 қараша күні Саратов облысы бойынша Ресейлік табиғатты бақылау Басқармасының талаптары толық қанағаттандырылды.
Мексикада қасіретті ЖКО орын алды
Мексикалық Мичоакан штатында тежегіші істен шыққан жүк көлігі жанармай құю станциясындағы екі жеңіл көлікке соғылған, деп хабарлайды ТАСС. Көлікте отырған алты адам түгел қаза тауыпғ тағы алты адам ауыр жарақаттар алған.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Билік өкілдері болған жағдайдың астарын анықтауда. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды деген дерек жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамп дәстүрлі түрде екі күрке тауыққа рақымшылық жасады
Ақ үй сайты көрсетілім берген рәсімге Д.Трамптың жұбайы Мелания Трамп пен олардың ұлдары Бэрронның қатысқанын көруге болады, деп хабарлайды Интерфакс.
2017 жылдың 20 қаңтарында қызметіне келген АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет күркетауықтарға рақымшылық жасады. Рәсім барысында президенті Драмстик және Уишбон есімді күркетауықтарға рақымшылық жасады. Айта кету керек Драмстик қазақ тілінде «дауылпаз таяқшасы» немесе «құс аяғы» болып аударылады. Дегенмен Уишбоун күркетауығы Ақ үйде тіркелсе де салтанатты рәсімге қатыспады.
Ақ үй өкілі Сара Сондерс журналистерге тек Уишбоунның көрсетілгенін мәлімдеді. Себебі Драмстик әлдеқайда «жасқаншақ» көрінеді. Мұнымен қоса ол Ақ үйдің бөлмелерінің бірінде Уибоунмен бірге түскен баланың суретін жариялады.
Былтыр АҚШ президенті Барак Обама Тейтер және Тот есімді күркетауықтарға рақымшылық жасаған болатын.
- Ізашарымның бірнеше қаулыларын белсенді түрде кері қайтарғанымды білесіздер. Алайда Ақ үйдің кеңесшілері Тейтер мен Тоттың рақымшылығын ешқандай жағдайда кері қайтара алмайтынымды хабарлады, - деп қалжыңдайды Д. Трамп.
АҚШ-та алғыс күні қарашаның әрбір төртінші бейсенбісінде аталып өтеді.
Барлық рақымшылық алған қанаттылар Лисбург қаласындағы күркетауық фермасында өмір сүруге жіберіледі. Алғыс күнінде күркетауық дайындау дәстүрі 1947 жылдан бері қалыптасқан.
1963 жылы президент Джон Кеннеди дәстүрлі сыйлықты ала отырып, оларды тірі қалдыруды ұсынды. Бірақ ресми рақымшылық жасау дәстүрін Джордж Буш-үлкен орындаған.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Дональд Трамп Экологическая катастрофа ДТП в Мексике Uber такси