Францияда ереуілші жүргізушілер елге кіретін-шығатын жолдарды жауып тастады
Франциялық жүк көліктерінің жүргізушілері көрші елдер мен олардан кіретін жолдарды жауып тастап, ірі қарсылық акциясын бастады
«Франс-энфо» радиостанциясы хабарлағандай, Шығыс Еуропа мен Португалиялық әріптестерінен туындайтын бәсекелестікке жүргізушілер наразлық білдіріп отыр.
Атап айтқанда, Италияға баратын Фрежюс тунеліне жүк көліктері кіре алмаса, Лиллие қаласы мен Бельгия елінің арасындағы тас жолдағы қозғалыс та мұндай көліктерге шектелген. Жуық арада испан шекарасында да акция өтеді деп болжануда. Жеңіл көліктер бұл кептелістерден емін еркін өтуде.
Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, елдегі жүргізушілердің мамандықтары шетелден келетін жұмыс күшінен қорғалмаған. Еуропалық одақтың 1996 қабылданып, 2014 жылы толықтырылған бос жұмысшылар туралы нұсқауы бір елдің жұмыс берушілерге бөтен елдің жұмысшыларын қолдануға мүмкіндік береді. Олар іссапар тұрғысында рәсімделіп, әлеуметтік қорға төлем жүргізбейді.
Бұл нұсқау Франциядағы жұмысшылардың наразылығын тудыруда. Себебі арзан жұмыс күшін тартылса, олар жұмыссыз қалулары мүмкін. Бұл қарсылықтарды ел басшылығы да қолдап, Брюсселдегі нұсқауды қайта қарауға қол жеткізген.
Следующая →