Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

21 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде Бақ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Пол Маккартнидің көлігі саудаға салынды The Beatles муызканты Пол Маккартниге тиесілі 1964 жылғы Aston Martin DB5 Лондондағы Bonhams аукционында сатылымға шықты, деп хабарлайды Интерфакс Top Gear басылымына сілтеме жасай отырып. Аукцион 2 желтоқсанға жоспарланған. Автомобиль құны 1,6-2 млн долларға бағаланып отыр. 2012 жылы көлік аукционда 550 мың долларға сатылып кеткен болатын. Көліктің жаңа иесі оны қалпына келтіріп, көптеген бөлшектерін ауыстырып, қозғалтқышының күшін арттырған. 1964 жылы Hard Day's Night ("Ауыр күннің кеші") фильмі түсіріліп, Эд Салливанның кешінде The Beatles төртінші рет шыққан соң П. Маккартни бұл көлікті тапсырысқа берген. Ол кезде автокөлік құны 3,88 мың фунтқа бағаланған. Муызкант бұл көлікпен алты жыл қатарынан жүріп, артынан бірнеше иесі ауысқан. Олардың ішінде автомобильді Тop Gear шоуының жүргізушісі Крис Эванс та болған. Жапония КХДР елін терроризмнің демеушісі деп таныды Мемлекеттік департаментімен құрылатын террористерді демеуші елдердің қатарына КХДР-ды қосу туралы АШҚ әкімшілігінің шешімін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ қолдады, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы жапон үкіметінің басшысы сейсенбі күні мәлімдеді. - Біз Солтүстік Кореяға деген қысымды күшейтетін бұл шешімді қолдаймыз, - деді Абэ. АҚШ пен оның одақтастарының әрекеттеріне, КХДР елінің зымырандық және ядролық бағдарламасын белсенді дамытуына байланысты Корей түбегіндегі қарбалас сақталуда. Шілде айынан бері Пхеньян төрт рет зымыран ұшырса, олардың екеуі Жапония төңірегінен асқан. Ал 3 қыркүйек күні сутегі зарядын сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеген. Польшада Беловежск орманы шабылуда Еуроодақ соты Польшадан Беловежск орманын шабуды тоқтатуды талап етті. Болмаған жағдайда Варшаваға ірі көлемде айыппұл төлеу керек болады, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты. Польшп Беловежск ну орманындағы орман көзін белсенді басқаруды тоқтатуы керек. Ол тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде ескеріледі, - дейді Люксембург соты. Егер поляк билігінің бұл қаулыны бұзғаны анықталса, күніне 100 мың еуроға дейін айыппұл төлеуге тура келеді. АҚШ-та косметрикалық фабрикада жарылыс орын алды Нью-Йорк штаты Нью Виндзор қаласындағы Verla International косметикалық фабрикасындағы жарылыстан кем дегенде 75 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті MidHudsonNews порталы хабарлады. - Дабыл бойынша жергілікті өртсөндірушілер тегіс жұмылдырылды. Оқиға нәтижесінде 75-ке жуық адам зардап шекті, - дейді хабарландыруда. Түтінде токсикалық заттар болғандықтан, жергілікті тұрғындарға терезелерді жабу тапсырылды. Байланысты жануарлар бағына келгендер торай мен түйені ренжітті Борисовка ауылында орналасқан «Ғаламат» жануарлар бағындағы фауна шабуылға ұшырады, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Келушілердің бірі байланыс қаумалына кіріп, торайды ұрып жіберген. Кейі екі ер адам біздің түйені мазақ ете бастады. Олар оны жүнінен ұстап өздеріне тартпақ болды, - дейді бақ директоры Екатерина Зотова. Кейін «қонақтар» Кристалл жолбарысы мен Аристо арыстанының қаумалына кіріп, жануарларға түкірмек болған. Жануарлар бағының қызметкерлері ер адамдарды аумақтан шығарып жіберген. Болған оқиғаны басшылық полицияға хабарлаған.
Следующая →