Пентагон байқаусызда Трампты қызметтен кетіру туралы хабарламасын жариялап жіберді
АҚШ Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні «Твиттердег» ресми парақшасында АҚШ президенті Дональд Трампты қызметтен кетіруге шақыратын хабарламасын қателесіп жариялап қойған
Бұл туралы Эн-би-си телеарнасы хабарлады. Бейсенбі күні Пентагон ProudResister твиттер қолданушысының Трамп пен Миннесота штатының сенаторы Эла Франкенаны қызметтен кетуге, ал Алабама штатының сенаты Роя Мураны АҚШ Сенатының орнына таласуды доғаруға шақырған жарияланымымен бөлісіп жіберген.
Пентагонның ресми өкілі Дана Уайттың айтуынша, қателік жіберген адам оны байқай салысымен, бірден жойған.
- Пентагонның «Твиттер» парақшасындағы аккаунтының ресми операторы Қорғаныс министрлігі келісім бермеген контентпен қателесіп бөлісіп жіберген. Оператор қателікті байқаған бойда бірден жарияланымді жойған, - делінген Уайттың «Твиттерде» жарияланған хабарламасында.
Следующая →