Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

17 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Пучдемон оңаша және жалпы камераны таңдап алады Каталонияның экс-жетекшісі Карлес Пучдемонды беру туралы тыңдау алдында Испания ішкі істер министрлігі пиреней корольдігіндегі түрмелер жайы туралы бельгиялық прокуратураның сауалына жауап берді, деп хабарлайды ТАСС. Жауапта көрсетілгендей, Испанияға экстрадация жүрсе, саясаткер не оңаша камераға қамалады, не өзінің жақтаушыларымен бірге отыра алады. Бельгиялық прокуратураға жіберілген, Каталонияның экс-жетекшісін ұстау туралы құжат 15 беттен тұрады. Аталғандай, Пучдемон бұрынғы каталондық үкімет мүшелері қамауда отырған «Эстремера» түрмесіне қамалады. Мекемеде басқа қылмыскерлердің атынан араздық тудырмау үшін саясаткер бақылауда болады. Мұнымен қоса Каталония экс-жетекшісі өзінің заңгерімен байланыста бола алады. Пучдемон мен каталон үкіметінің бұрынғы төрт мүшесі жұма күні Брюссель сотында куәлік береді. Олар Мадрид Ұлттық сот коллегиясына келмеген соң 3 қараша күні Испания оларды қамау туралы ордер берген. Периней корольдігінің прокуратурасы саясаткерлерді көтеріліске, бүлікшілікке айыптап отыр. Тергеу аясында олардың жақтастары испан астанасында қамауға алынды. Жалған айыппен 13 жыл түрмеде отырып шыққан Швециялық азамат 3 млн доллар көлемінде өтемақы алады Адам өлтірді деген жалған айыппен түрмеде 13 жыл отырып шыққан шведтік Кай Линнге рекордтық сомадағы өтемақы төленеді, деп хабарлайды «Локаль» ақпараттық порталы. К. Линнің заңгері айтып өткендей, ер адам 20-25 млн швед кроны көлемінде, яғни 3 млн доллар өтемақы талап ете алады. - Қандай жағдай болмасын, бұл тарихтағы ең үлкен сома болады, - дейді К. Линн заңгері. Өтемақының негізгі рөлі жалған айыппен отырып шыққан адамның мерзіміне негізделеді. 2004 жылы К. Линн шведтік Каламарк қаласында айуандықпен адам өлтіріп, тонағаны үшін өмір бойынша қамауға алынған болатын. «Локаль» айтып өткендей, сот К. Линнің кінәлілігін дәлелдейтін дәйектер мен куәгерлердің куәсі болмаса да үкім шығарған. Ер адам өмір бойы қылмысқа қатысы жоғын айтып келген. Ағымдағы жылдың маусымында бұл іс бойынша жаңа дәлелдер табылып, қайта қаралған соң, швед соты К.Линнен барлық айыпты алып тастады. Сот органдары ер адамның кінәсін дәлелдейтін деректердің жеткіліксіздігін мойындаған. Сильвестр Сталонені 16 жасар қызды зорлады деп айыптады Атақты актер 1986 жылы 16 жастағы қызды зорлады деген айыпты жоққа шығарып үлгерді. РОСБАЛТ-тың хабарлауынша, британдық Daily Mail таблоиды атақты голливуд актеріне қатысты оқиғаның Лас-Вегаста орын алғаны туралы полиция баянатын жариялаған. Зардап шегушінің айтуынша, Сталлоне оны қонақ үй нөмірін шақырып, жеке күзетшісімен бірге жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлген. - Бұл күлкілі де жалған оқиға. Билік те, не басқа біреу де менің клиентіме мұндай сұрақтармен жүгінбеді, - дейді жұлдыздың өкілі Мишель Бега. БАҚ Сауд Арабиясының Королі тақтан бас тартатынын хабарлады Британдық The Daily Mail газеті келесі аптада Сауд Арабиясының королі Салман өз тағын ұлы Мухаммед ибн Салманға тапсыратынын хабарлады. 81 жасар монарх өзінің лауазымдарын сақтап қала отырып, мемлекеттік істерден кетеді. Елдегі барлық билік Таяу Шығысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресімен дүр сілкіндірген 32 жастағы крон-ханзадаға өтеді. Санаулы күндер ішінде 40-тан астам ханзада мен бірнеше министр қамауға алынды. Тағы бір ханзаданың көзі жойылды. Қамаудағылар Эр-Риядтағы зәулім түрмеге айналдырылған Ritz Carlton қонақ үйінде қамауда. Корольдік отбасының мүшелері жерге төселген матрастарда түнеуде. Басылым сенімді ақпарат көзіне сүйене отырып, корольдіктегі бар билік тізгінін қолына алған Мухаммед ибн Салман Иранға баса көктеп соғылуы мүмкін екенін хабарлайды. Айта кету керек, Иран өңірдегі Сауд Арабиясының бас қарсыласы болғалы бірнеше жыл өткен. Бұл қайшылық енді әскери деңгейге де ұласуы ықтимал. Бұл ретте ханзада Израильдің қолдауына үміттенуде. Ақпарат көзі хабарлағандай, егер бұл ел ибн Салманды қолдауға көмектессе саудиттер көптеген миллиардтық көмек көрсетуге әзір. Израильге бұл іс ұтымды және Сауд Арабиясының болашақ басшысы құрған жоспар жүзеге асса Ливан төңірегінде әрекет ететін әскерилендірілген Хезболла ұйымы Иран тарапнынан көрсетілетін қолдауынан айрылады. Ал бұл Израильдің ұлттық қауіпсіздік мәселесін әлдеқайда жеңілдетеді. Ғалымдар аралардың ызыңдауды қойғанын хабарлады Стирлинг университетінің ғалымдары зерттегендей, пестицидтермен өңделген өсімдіктерді аралар шаңдастырған соң аралар ызыңдауды «ұмытып» кетеді. Нәтижесінде олар шаңды аз көлемде жинайды. Бұл туралы Газета.ру хабарлайды. Ғалымдар «вибрациялық шаңдастыру» құбылысын қараған. Аралар шаңды ауаға көтеру үшін ызыңдап, вибрация тудырады. Ғалымдар неоникотноидті пестецидтермен өңделген өсімідіктерге барған аралар колониясын бақылаған. Олар жәндіктердің әрекеттерін бақылап, ыңдаған дауыстарын жазып алған. Анықталғандай, өңделген өсімдіктермен қатынасқан аралар ызыңдауды азайта берген. Тіпті «вибрациялық шаңдастыруға» жүгінген аралар жа шаңды аз көлемде жинай берген. Аралардың бақылаушы тобы жинау жұмыстарын жақсы орындаған. Топтар арасындағы шаң жинау көрсеткіші 47-ден 56 пайызға дейін болған.
Следующая →