АҚШ-та мұнай құбыры жарылды
Оңтүстік Дакот аймағындағы мұнай құбырының жарылу кесірінен 5 мың баррельден артық мұнай көлемі «далаға кетті».
Бұл мұнай құбыры Канаданың TransCanada компаниясына тиесілі. Апат кесірінен 795 мың литр мұнай қоры желге ұшты. Қазіргі уақытта Хардиси мен Кашинг қаласына дейінгі құбыр алаңы жабылды. Құбыр жөнделмейінше мұнай магистралі іске қосылмайды. Сондықтан мұнай беру де тоқтатылды.
Бұл мұнай құбыры арқылы Мексика шығанағындағы Небраска, Иллинойс, Оклахома және Техас сынды штаттарға қара отын тасымалданады.