ҚР Инвестиция және даму министрлігі: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін 150-200 мың теңге көлемінде кіріс болса жеткілікті»
ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы ісі бойынша комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін қанша қаражат қажет екенін айтты. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды
- Бағдарламаның іске қосылғанын көрдік. ТҮҚЖБ салымшыларының саны миллион адамға жетті. Былтырғы жылы 250 мың адамға аз болды. Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйдің құнын есептедік. Өңірле бір шаршы метр 140 мың теңге, ал Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында – 180 мың теңге. Мысалы, 50 шаршылық екі бөлмелі пәтер өңірде жеті миллион теңгеден, ал төрт қалада тоғыз миллион теңгеден, - дейді Мархабат Жайымбетов.
Мұнымен қоса, қазақстандықтардың ықтияры болса айына 50-70 мың теңге төлей отырып, 7-10 жыл ішінде қарызды жауып тастай алады. Бұл үшін жанұяның орташа айлық табысы 150-ден 200 мың теңгеге дейін болу керек.
Следующая →
Тақырыптар:
МИР РК