10 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Новостной портал Устинка Live подготовил обзор самых важных событий в сферах политики, экономики, и не только, попавших в поле зрения СМИ за прошедшую ночь
Британия билігі ЕО құрамынан қашан шығатынын айтты
Ұлыбритания үкіметі Еуроодақ құрамынан шығатын уақытын заңнамалық тұрғыда бекітеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Корольдіктің ЕО құрамынан шығуы 2019 жылдың 29 мамыры күні Лондон уақыты бойынша 23:00-де немесе Орталық Еуропа уақыты бойынша 00:00-де орын алады. Brexit іске қосылған соң Лондон ЕО-дан екі жылдан соң шығуды көздеген. Енді үкімет заңнамаға өзгерту енгізе отырып, нақты уақытын белгіледі.
- Қоғамдық өкілдер мен парламент мүшелерінің пікірін тыңдап, қисынсыздық орын алмауы үшін нақты күнді белгіледік, - дейді Дэвис.
Ұлыбританияның Еуроодақ мүшелігі туралы референдум былтырғы жылы 23 маусым айында өткен. Brexit-ті жақтаушылар 51,9 пайыз дауыспен жеңіп шыққан.
2018 жылы Ватиканда темекі сатуға тыйым салынады
Рим папасы Франциск 2018 жылдан бастап Ватиканда темекі сатуға тыйым салды, деп хабарлайды «Репубблика» газеті.
- Рим папасы 2018 жылдан бастап Ватикандағы қызметкерлеріне темекі сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Себеп өте қарапайым. Әулие тағы адам денсаулығына зиян келтіретін әрекетпен байланыса алмайды, - дейді рим папасының баспасөз қызметкері Грег Берк.
Ватикан өз қызметкерлеріне арзандатылған бағамен темекі сатып, Әулие тақ пайда көріп отыр.
- Дегенмен, егер адам денсаулығына зиян келетін болса кез келген пайда көзі заңды болып табылмайды, - дейді баспасөз қызметкері.
27 адам қаза тапқан Техас шіркеуі қиратылады
Сазерленд Спрингс қаласындағы баптистік шіркеу қиратылады, деп хабарлайды РОСБАЛТ агенттігі.
Мұндай шешімге шіркеу пасторы Фрэнк Помера келді. Оның пікірінше, ондаған адам қаза тапқан мекемеде қызмет көрсету «тым қасіретті» болар еді. Бұл жерге қылмыстан қаза тапқан адамдардың мемориалы қойылуы мүмкін.
Германияда медициналық қызметкер 106 адамды өлтірді деп айыпталды
Төменгі Саксония құқыққорғаушылары өмір бойына қамауға алынған медаға Нильс Хогельдің құрбандарының санын анықтауда.
Қанішердің бұрынғы науқастарына жүргізілген эксгумациядан соң нақты көрсеткішті анықтаған. Нильс Хегель 106 науқасты өлтірген. Бұл алдыңғы есептен 16 адамға артық.
- Тергеу органдары барлық токсикологиялық тест нәтижелерін алды. Олар 16 күдікті жағдайды анықтады, - дейді Ольденбург прокуратурасы мен полиция басқармасы жариялаған баспасөз бетінде.
Қанішер 2005 жылы әріптесінің күдігіне байланысты полицияның назарына түскен. Ол кезде науқас иньекциядан аман қалып, медаға 7,5 жылға сотталған. Бұл жағдайдан кейін бірнеше мәйітке эксгумация жасалып, дәрі құрамы анықталған.
Нильс Хегель 2015 жылы екі науқасты өлтіргені үшін өмір бойына қамалған. Сотталушы кейін Ольденбург пен Дельменхорсттың реанимациялық бөлімінде 90 науқасты өлтіргенін мойындаған.
Португалия жағалауында серфингист омыртқасын сындырды
Британдық серфингист Эндрю Коттон Португалия жағалауында 15 метрлік толқынды «жаулаймын» деп омыртқасын сындырды.
Оқиға сәрсенбі күні Назаре каньонында өткен көрсетілімде орын алды. Бұл шара 23,77 метрлік толқынға төтеп берген Гарретта МакНамараның серфинге қайтып оралуына орай ұйымдастырылған.
Оқиғадан соң Коттонды бірден жергілікті ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер омыртқасының сынғанын айтқан. Коттон болса, серфингпен айналысуда тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Следующая →