Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

9 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Рим папасы месса барысында суретке түсірмеуге шақырды

Рим папасы Франциск діни салтанаттар барысында ұялы телефондарды қолданбауға шақырды, деп хабарлайды Интерфакс.

- Дін қызметкері «жүрегімізді көтерейік» деген кезде, «суретке түсіру үшін телефонымызды көтерейік» демейді, бұл ерсі қылықтар, - деді ол апта сайын өтетін Әулие Петр алаңындағы аудиенция барысында. - Бұл жерде, алаңда немесе базиликте тұрып құдайға қызмет еткенде көтерілген ұялы телефондарды көріп көңіліме қаяу енеді. Мұны тек сенім білдірушілер емес, дін қызметкерлері мен епископтар да істейді.

Осыған дейін понтифик жанұялық ас барысында жастарды ұялы телефонды қолданбауға шақырған. Себебі бұл әңгімеге кедергі болып, «соғыс бастауы» мүмкін. Өз кезегінде ғаламтор мен әлеуметтік желіні дана қолданса, ол да «Құдай несібесі» болатынын айтқан.

Apple корпорациясы техастық шабуылшының телефонын бұзуға көмектеседі

Американдық Apple компаниясы 5 қараша күні Сазерленд-Спрингс қаласындағы баптистік шіркеуге шабуыл жасаған Девин Келлидің телефонын федералды барлау бюросына ашып беруге көмек ұсынды.

Apple қызметкерлері анықтағандай, билік өкілдері конференция барысында  Келлидің телефонындағы ақпараттарға қол жеткізе алмаған. Әңгіме iPhone маркалы смартфон төңірегінде болса да, Apple бұған қатысты пікір білдірмей отыр.

Өзге технологиялық компаниялар сияқты Apple қолданушылардың ақпараттарын шифрлеуге үлкен мән береді. Бұрын бұл құқыққорғаушылармен бірнеше рет қайшылыққа алып келген. Калифорниядағы терактіге қатысты АҚШ билігінің талабын орындамағаны үшін Apple былтыр шатаққа ұшыраған.

Колумбия полициясы рекордтық 12 тонна кокаин тәркіледі

Колумбия ұлттық полициясының операциясы «Агамемнон-2» деген атау алып, Антиокия департаментінде өтті.

- Наркотрафикпен күресуді 40 жыл бұрын бастасақ та, бұрын соңды мұндай көлемде (кокаин) тәркілеп көрген жоқпыз, - дейді ел президенті Хуан Мануэль Сантос.

RCN радиосы хабарлағандай, заңсыз жүк Колумбияның ең ірі «Түбек кланы» бандасына тиесілі болған.

Жігіт қызына 25 iPhone X-пен ұсыныс жасады

Қытайлық жігіт 25 iPhone X сатып алып, жүрек формасында ұсыныс жасады, деп хабарлайды Conectica

Жас ойын құраушы жігіт 25 гаджетке алдын ала тапсырыс беріп, 3 қараша күні қол жеткізген.

Өз iPhone-дарына қол жеткізіп, гүл себілген алаңға гаджеттерінен жүрек формасын жасаған. Ал алаңшықтың орталық бөлігіне қораптағы жүзік орналастырылған. Ол жоспарына достарын да араластырып, олар қызды белгіленген орынға алып келген.

Жапониядағы робот техникасы фестивалінде дрон адамдарға соғылды

Жапониядағы Огаки қаласында төрт киллограм салмақтағы дрон топырлаған халыққа соғылған соң, шоуға қатысушы алты адам түрлі жарақаттар алған.

Бейнетүсілірілімде көрсетілгендей, төбеден кәмпит лақтырып тұрған дрон бірден адамдарға құлаған.

Жапонияда дроннан жарақат алу жағдайы 2017 жылдың ақпанында тіркелген.



Следующая →