Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

6 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Йемендегі жарылыс 15 адамның өмірін қиды Йеменнің кемежайлық Адене қаласындағы жарылыс нәтижесінде 15 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды, деп хабарлайды елдің Қауіпсіздік қызметі. Жарылысты Қауіпсіздік қызметінің мекемесіне еніп кеткен жанкешті террор ұйымдастарды. Жауапкершілікті «ИГИЛ» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойнына алды. Бельгия соты Карлес Пучдемон мен төрт жақтасын босатты Бельгия соты Карлес Пучдемон мен төрт жақтасын шарттарға байланысты босатты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды. Дерек бойынша, жауап алу үрдісі 10 сағаттан асқан. Енді Испаниямен берілген қамауға алу туралы еуропалық ордер шешімі шыққанға дейін Пучдемон мен оның жақтастары бостандықта болады. Агенттіктің хабарлауынша, сот рұқсаты берілмейінше бесеуі Бельгия төңірегінен кете алмайды. Сонымен қатар 15 күн ішінде сотқа келуге тиісті болады. Жуықта Каталонияның экс-басшысы жақтастарымен бірге бельгия полициясына берілген болатын. Өткен жұмада Пиреней корольдігінің ұлттық сот коллегиясы Бельгиядағы экс басшыларды қамауға алу туралы ордер жазу қаулысын шығарған. Прокуратура олардың барлығын бүлік шығарды деп айыптауда. Пучдемон болса әділеттіліктен қашпайтынын айтады. Техаста белгісіз біреу шіркеуге шабуыл жасады Шіркеуде орын алған атыста 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Interfax. Сол сияқты 20-ға жуығы жарақат алды. - 20-ға жуық адам Сан-Антонио жергілікті ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Олардың жасы 5-тен 72 аралығында, - дейді Техас қоғамдық қауіпсіздік басқармасының өкілі Фриман Мартин. Қаруланған ер адам Сазерленд-Спрингс қаласындағы баптистік шіркеуге кіріп, келушілерге оқ жаудырған. Кейін шабуыл жасаған адам қаза тапқан. Си-Би-Эс телеарнасы өз ақпарат көздеріне сүйене отырып, шабуыл жасаушының есімі Девин Патрик Келли деп хабарлады. Бұл адам 2010-14 жылдар аралығында АҚШ ӘӘК қызмет еткен. Кейін әскери трибунал решімімен әскери қызметтен босатылған. Телеарна Д.Келлидің не үшін істі болғанын баяндамады. Куәгерлер, шабуыл жасаушының 20 жастан асқан ер адам екенін хабарлаған. Ол шіркеуге кірместен атысты бастап кеткен. Тіпті жергілікті тұрғындардың бірі жауап ретінде өзіне оқ атқан көрінеді. Кейін қылмыскер шіркеуге кіріп, оқ жаудырған. Кейбір деректер бойынша, ол оқиға орнынан көлікпен кетіп қалып, өлтірілген. Миллионнан астам қолданушы жалған WhatsApp көшіріп алған Атақты WhatsApp мессенджерінің миллионнан астам қолданушылары бағдарламаны жаңартамын деп жалған нұсқасын көшіріп алған, деп хабарлайды Лента.ру. Қаскүнемдер Google Play қосымша дүкеніне Update WhatsApp Messenger деген бағдарламаны енгізіп жіберген. Барлығы тым шынайы көрінген – тек бағдарлама атауында кішігірім өзгерістер болған. Көптеген шағымдардан соң жалған мессенджер Google Play дүкенінен өшірілді. Сауд Арабиясында шенеуніктер отырған тікүшақ құлады Әуе апатында Мансұр бин Мукрин ханзада қаза тапты. Бұл туралы Аль-Арабия телеарнасы хабарлайды. Асир провинциясы губернаторының орынбасары ханзада Мансұр бин Мукринмен бірге бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктер қаза тапқан. Дерек бойынша, шенеуніктер өңір бойынша инспекциялық сапар жүргізген. Алдын ала деректер бойынша, бортта тоғыз адам болған. Айта кеткен жөн, елдің мұрагер ханзадасы Мұхаммед Мұхаммед бен Салман сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетін құрып, басқарушы жанұядан шыққан 11 ханзаданы корольдік үкіметінің құрамындағы төрт министрді қамауға алу туралы бұйрық шығарған.
Следующая →