Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлеуметтік желілер Ресейдің АҚШ сайлауына араласқанын растап отыр

Америка сенаторлары саяси жарналмаларды таратқаны үшін Facebook, Twitter және Google сынды ғаламдық әлеуметтік желі басшыларын Конгрес кеңесіне тартып, сауалдың астына алды.

Сенаторлар әлеуметтік желі басшыларын саяси жарнамаларды сүзгіден өткізуге ешқандай шара қолданбады деп айтыптаған. Бұл жайында АР агенттігі жазады.

Бұған дейін де әлеуметтік желілер Ресей агенттерінің саяси жазбалалар мен жарнамаларды көптеп таратқанын хабарлаған болатын. Мәселен, Фейсбук желісі ресейлік қолданушылардың 80 мыңға жуық жазба жолдағанын, оның 126 млн адамға тарағанын айтады. Ал Твиттер Ресеймен байланысты 1,4 млн жазбаның тарағанын, 2750 парақшаның құлыпталғанын жеткізген. Ал Ютюбте Ресей агенттігімен байланысты 18 каналдың саяси насихат жүргізгені анықталған. Бұл каналда 43 сағатқа созылатын 1108 бейнежазба тараған.

Сенаторлардың көбі жарнама үшін төленген қаржының доллармен емес, өзге валютамен есептелгені қатты таң қалдырды. Ал Гуглдың атқарушы директоры Ричард Сальгадо саяси жарнамаларды тек Ресей ғана емес, өзге де мемлекеттер беретіндігін айтып, алдағы уақытта өзге валютамен төленген саяси жарнамаларды қабылдамайтындығын жеткізген.

Ал Фейсбук желісінің бас кеңесшісі Колин Стретч әлеуметтік желінің бір айдың ішінде 5 млн қолданушыдан жарнама келіп түсетіндігін, оның ішінде кейбірі жалған парақшалардың да болуы мүмкін екендігін айтқан. Әлеуметтік желі алдағы уақытта жалған парақшаларды жоюмен айналыспақ. 

Жауап алу әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақытта тағы да бірнеше отырыс өткізу көзделіп отыр.

Следующая →