Ер адам кондукторға қол жұмсағаны үшін ұсталды
62 жастағы Шүлбі кентінің тұрғыны автобус кондукторына боғауыз сөздер айтып, кейін бірнеше рет ұрып жіберген.
Жексенбі күні 37 жастағы автобус кондукторы полиция бөлімшесіне келіп, белгісіз бір ер адамның намысқа тиер сөз айтып, қол жұмсағанын айтқан.
Ер адам автобусқа «Колос» аялдамасынан отырып, қалалық маршрут көліктерінің қызметіне көңілі толмайтындығын айтып, боғауыз сөздер қолданған.
Әйелдің арызын қабылдаған полицейлер бұл тұрғынды ұстап алып, оқиғаның мән-жайын айтқан. Ер адам өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалуда.