Собчак үшін ресейліктердің 1 пайызға жуығы дауыс береді
Ресейліктердің басым бөлігі РФ президенті сайлауына түспек болып жүрген тележүргізуші Ксения Собчакқа дауыс беруге дайын емес.
9 пайызы өз дауыстарын анықтамаған және мұндай мүмкіндіктің барын алға тартады. Бұл туралы Левада-орталығы жүргізген сауалнамадан белгілі болды.
Аталғандай, қазан айында Собчактың электоралды деңгейі 1 пайызға жуық болған.
Сауал қойылғандардың Владимир Путинге 53 пайызы дауыс беруге дайын. Оппозиционер Алексей Навальный РФКП жетекшісі Геннадий Зюгановты басып озып үшінші орынға шықты. Осылайша ол Путин мен РЛДП жетекшісі Владимир Жириновскиден ғана қалыс қалды.
Сауалнама 20-24 қазан аралығында 1600 ресейліктер арасында өтті.