Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +24°
$
481.63
534.46
¥
67.92
5.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғындары көлік тұрағының көп болғанын қалайды

Қалалық қоғамдық кеңес тұрғындар арасында сауалнама жүргізген.

«Менің аулам» абаттандыру жобасы аясында қала тұрғындарының пікірін білу мақсатында әлеуметтік желілер, ақпараттық порталдар арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Бұған 40 мыңнан аса азамат қатысқан.

Дауыс берушілердің көбі көлік тұрақтарының көптеп салынғанын қалайды. Дауыс берушілердің 20 пайызы көлік тұрағын салуға дауыс берген. Сонымен қатар, балалар алаңы мен спорт алаңдарын салуды қолдайтын тұрғындар да көп болып шықты.

Тұрғындардың 12 пайызы қоқыс тастайтын орындардың көп болғанын қаласа, 10 пайыздан астамы көшелерге жарық шамдарын орналастыруды қалаған.

Тұрғындардың 5 пайызы ғана бейнебақылау камераларын орнатуға дауыс берген.

- Қазіргі уақытта «Менің аулам» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар аулаларды тексеріп, оның жағдайын анықтап жатырмыз, - дейді Өскемен Қоғамдық кеңесі. 

Следующая →