Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

26 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп: КХДР мәселесін шешуде Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы үлкен маңызға ие Fox Business телеарнасына сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу мен Вашингтон қатынасының жақсаруы Солтүстік Корея айналасындағы жағдайларды тек жақсартады деп мәлімдеді. - Егер АҚШ пен Ресей қатынасы жақсы болса, КХДР айналасындағы мәселелер оңай шешім табар еді, - дейді ол. Американдық жетекші «Қытай мен Ресей екеуімен диалог жүргізсе тамаша болатынын» да атап өтті. Румынияда қатты дауыл соқты Румынияда тұрған қатты дауыл шатырларды жұлып, дуалдарды құлатты. Қағаздай ұшқан темір шатырлардың салдарынан бір адам қаза тапты. Құлаған ағаштар, қоршаулар мен баннерлер жүздеген көліктерді зақымдаған. Табиғи апаттан 11 округ зардап шеккен. Апат салдарынан электрберу желілерін қалпына келтіріп, үйлердің жертөле суларын сорғызуға тура келген. Ауа райының қолайсыздығынан Қара теңіздегі румын кемежайлары жабылған. Бір ай бұрын дәл осындай Румыниядан өткен болатын. Ол кезде 8 адам зардап шегіп, 70 адам жараланған. Иттерге допинг берілген деп айыпталды Тарихта алғаш рет иттерге допинг берілгені туралы айып тағылды. Аляскада өтіп жатқан «Айди-тарод» жарысының жеңімпаздарына осындай айып тағылды. Әрине, айып тікелей иттерге емес, олардың иелеріне қатысты. Даллас Сивей мен оның әкесі соңғы он жыл қатарынан барлық жарыстарда жеңіп, жарты миллион доллар қаражат иеленген. Мамандар иттердің қанын сараптамадан өткізіп, психотроптық заттар анықтаған. Олардың көмегімен жануарлардың күші көбейген деген болжам бар. Ал ит иесі барлық айыпты жоққа шығаруда. Иттерге тыйым салынған заттарды беру туралы тексеріс 1994 жылдан бері жүргізіледі. Бірақ осыған дейін допингпен ұсталған жағдай тіркелмеген. Mitsubishi мыңдаған көлігін қайтарып алды Жапондық Mitsubishi компаниясы 161,167 мың көлігін АҚШ пен Канададан электрлік реленің кемшіліктеріне байланысты қайтарып алды. Компанияның мәлімдеуінше, реленің кемшіліктерінің қозғалтқын істен шығуы немесе қатты қызып кетуі ықтимал. Қайтарылған көліктердің ішінде 2015-2017 жылдар аралығында шыққан Outlander SUV және Outlander Sport, Lancer мен Lancer Evolution бар. Канададан 28,6 автокөлік, қалғаны АҚШ-тан қайтарылады. Аталған кемшіліктерге байланысты нақты оқиғалар осы күнге дейін тіркелмеген. Жапон компаниясы машина иелеріне бұл туралы қазан айында хабарлайды. Барлық жөндеу жұмыстары тегін жүргізіледі. Түркияда 5 мың жылдық автокөлік табылды Айта кету керек, көліктердің алғашқы шыға бастағанына екі жүз жыл енді толып отыр. Ал табылған «көлік құралын» арба десек жөнді болады. Согматар деген жерден зеррттеушілер бірқатар көне зираттар тапқан. Қазба жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген.
Следующая →