Джимми Картер КХДР-ға бітімгерлік міндетпен аттануға дайын
АҚШ-тың бұрынғы президенті әрі Нобель сыйлығының иегері Джимми Картер Солтүстік Кореяға қақтығысты бәсеңдету үшін аттануға дайын
АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картер Солтүстік Кореяға бітімгерлік міндетпен аттануға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл ойдың АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп әкімшілігі тарапынан қолдау таппағанын білдірді. Ол бұл туралы The New York Times басылымына берген сұхбатында айтқан.
Картердің айтуынша, Трамптың кеңесшісі Герберт Макмастермен әңгіме барысында ол өзінің делдалдық қызметін талқылаған. Алайда қолдау таппаған.
Картер АҚШ-тағылардың Қытай КХДР-ға әсері туралы асыра сілтейтіндігін алға тартады. Оның сөзіне сүйенсек, Ким Чен Ын ешқашан Қытайға барып көрмеген және өз әкесімен салыстырғанда ҚХР басшылығымен жақын қатынаста емес.
Следующая →