Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Генетикалық паспорт түзу қазақстандықтарға қолжетімді бола түсті

Генетикалық паспорт түрлі дерттің алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Ұлттық биотехнология орталығындағы жоба тұсаукесері барысында сөз болды

Ұлттық биотехнология орталығында қазақстандықтарға «Денсаулықты қалай сақтауға болады?», «Спорттың қандай түрін таңдауға болады?», «Ата-тегіңіз қайдан шықты?» деген сұрақтарға жауап табуға көмектесетін жобаның тұсауы кесілді. Осы сұрақтардың жауабын генетикалық паспорт береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба түрлі дерттің алдын алуға көмектеседі. Енді талдама жасау үшін қан тапсырудың қажеті жоқ, адам сілекейі болса жеткілікті. Нақтырақ айтсақ, беттің ішкі бөлігіндегі ұрт жасушалары болуы керек. Материал зертханаға түскеннен кейін ДНҚ сараптамасы алынады. Бірнеше сағаттан кейін барлық қажетті генетикалық ақпараттар анықталады, қандай да бір дерт бар болса, анықталып, тиісті ем таңдалады. Бұл генетикалық паспорт әлемде жақсы таралған. Бұған дейін қазақстандықтар аталмыш паспортты тек шет елден ғана алатын еді. Енді ол Қазақстанда да қолжетімді.
Следующая →