Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ Орталық барлау басқармасы КХДР-мен ядролық соғысқа дайын болуға шақырды

Солтүстік Кореяның кез келген уақытта, кез келген жағдайда ядролық соққы беретініне Майк Помпео сенімді

Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпеоның пайымдауынша, КХДР ядролық жұмыстар қатарын аяқтап, АҚШ шекарасына ядролық соққы беруге дайындық деңгейінде. Бұл туралы ол Демократияны қолдау қорының консервативті сарапта орталығында баяндаған, деп хабарлайды CBS телеарнасы.

- КХДР өз мүмкіндігіне біршама жақындады. АҚШ саясатының көзқарасы бойынша, оның жетіп қойғанына сенімді болу керек, - дейді Помпео.

АҚШ солтүстіккореялық ядролық бағдарлама туралы ақпараттарды жинап, оны бағалап отырса да, Помпео қорытындылардың әлі жетілмегендігін мойындайды. Оның айтуынша, АҚШ бағдарламаның уақыт белгісіне келгенде қателесуі де мүмкін.

ОББ бағасы бойынша, Солтүстік Кореяның әлеуеті 5 жыл ішінде біршама артқан. Егер халықаралық қауымдастық оларға қысым көрсете алмаса, 5 ай ішінде бағдарлама заманауи деңгейге жетеді.

Помпеоның айтуынша, АҚШ «соңғы қадамына дейін ойластыруы керек». «Бір айлар туралы айтқанда, нақты бөлшектер туралы түсінігіміздің деңгейін бағалай алмаспыз», дейді директор.

Жуықта Солтүстік Корея АҚШ-тың кесірінен ядролық соғыс басталуы мүмкін деп мәлімдеген. 

Следующая →