Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Кәсіпкерлер аукцион арқылы мектепті қолдауға 2,3 млрд теңге аударды

Өскемен қаласының «Жекпе-жек» сарайында бұрын-соңды болып көрмеген аукцион өтіп, жергілікті кәсіпкерлер мектепті қолдау қорына ақша «атты».

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына сапары барысында Қаратал ауылдық округінде орналасқан мектептің тарих, география кабинеттерін жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлердің атсалысқанын көріп, «Менің мектебім» атты жобаны бастау туралы ой салған болатын. 

Бұл жоба бойынша кәсіпкерлер өзі тәмамдаған мектебіне қаржылай қолдау көрсетуі керек еді. 

Жергілікті кәсіпкерлердің өз мектебіне қол ұшын беруге жаппай кірісуіне бастама болу үшін 19 қазан күні «Туған жер» форумы өткізілді. Форумға «Қазақтар» КВН құрамасының ойыншылары жүргізуші болды. «Жігіттер», «Ринго», «Түрік хоры» топтары мен Роза Рымбаева келіп форумда ән орындады.
 
Форумға облыстың түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер қатысты. Бұл, әсіресе, өзінің туған жеріне қаржылай қолдау көрсетіп, халқына қайырымдылық танытып жүрген кәсіпкерлердің бір-бірімен танысып, әңгіме-дүкен құруына үлкен септігін тигізді. 
Форум бастан-аяқ аукцион түрінде өткізіліп, кәсіпкерлер өздерін таныстыра отырып, мектепті қолдау қорына қанша қаржы аударатындығын дауыстап айта отырып, көрермендердің қанын «қыздырды». Аукцион сағат сайын қыза түсті. Өйткені қорға 1 млн теңгеден бастап 20 млн теңгеге дейін қаржы құйған кәсіпкерлер болды. Өскемендік кәсіпкерлер өзгелерден асып түсіп, қорға 450 млн теңге аударуға дайын екендігін айтып жұртты таңқалдырды. Ал «Казцинк» кәсіпорны 300 млн теңге бөлді. Семейлік кәсіпкерлер 150 млн теңге бөлді. 

- Облыс әкімінің бұл бастамасына қолдау білдіргендердің көп болғанына, шынымды айтайын, қайран қалдым. Өйткені мұндай игілікті іске үлес қосқысы келетіндер бар, алайда олардың саны мұндай көп болады деп ойламадым. Мейірімді жандардың мол екеніне қуанып, жүрегім елжіреп отыр.  Өйткені кәсіпкерлердің барлығы балалар мен мектептерге көмектесу керектігін толықтай түсінген, - дейді қорға қаржы аударған өскемендік кәсіпкерлердің бірі, «Ореол LTD» ЖШС директоры Сергей Коротин.

Следующая →